Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бағыттаушы қолданбасы дегеніміз не? -

Бағыттаушы қолданбасы дегеніміз не?

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1297 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Бағыттаушы қолданбасы дегеніміз не?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту
бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциялық дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, инт.тақта, электронды оқулық.
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сабақты бекіту
6.Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Терезе дегеніміз не?
Терезенің қандай түрлері бар?
Терезе элементтерін және олардың атқаратын қызметі
айтыңдар
Терезенің жоғарғы оң жақ бұрышындағы 3 белгінің
қызметті қандай?
Жаңа түсініктер:
Бағыттаушы қолданбасын қарастырайық. Оның терезесі «Мой компьютер» қапшығының терезесінен өзгеше, өйткені ол екі бөліктен (оң және сол жақ), тұрады. Бағыттаушы қолданбасын іске қосу үшін келесі әрекеттерді орындау керек.
1. Тышқан нұсқағышын «Пуск» батырмасына орналастырыңдар да, оның сол жақ батырмасын шертіңдер.
2. Тышқан нұсқағышын бас менюдегі Программалар (Все программы) командасына орналастырыңдар, сонда бағыныңқы меню шығады.
3. Тышқан нұсқағышын бағыныңқы менюдегі Стандартные –Проводник командасына орналастырып, оның сол жақ батырмасын шертіңдер.
Бағыттаушы қолданбасының терезесі ашылады.
Бағыттаушы қолданбасы арқылы құжатты ашу.
1. Бағыттаушы қолданбасын іске қосыңдар.
2. Терезенің сол жақ бөлігіндегі Мои документы қапшығының «+» белгісіне тышқан нұсқағышын орналстырып, шертіңдер. Сонда Мои документы қапшығының «бұтақтары» ашылады. Терезенің оң жағында осы қапшықтың мазмұны шығады.
3. Терезенің оң жақ бөлігінде ашқыларың келетін құжаттың белгішесіне тышқан нұсқағышын қойып, оны екі рет шертіңдер. Құжат өзі құрылған қолданба терезесінде ашылады.
Тапсырмалар:
1.Осы үш әрекет арқылы Word Pad мәтіндік редакторы қолданбасын іске қосып көріңіз.
2.Жұмыс дәптеріндегі 3.3.1,2,3,4,5,6,7,8 тапсырмалаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:
“Менің компьютерім”қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?
Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларыды қалай іске қосамыз
“Пуск”батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз
Үйге тапсырма: Бағыттаушы қолданбасы дегеніміз не?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.