Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Баспаға басу. Басу құрылғылары. -

Баспаға басу. Басу құрылғылары.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1882 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Баспаға басу. Басу құрылғылары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Жаңа материалдың мазмұны:
Принтер – ақпараттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ - қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтердің үш түрі бар: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік. Олардың ішіндегі басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінді із қалдырады. Сия бүріккіш Принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы – тек басу бастиегінің құрылымындап ғана. Бұл принтердің қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағазщ ионизацияланады, яғни электр рісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып
сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Баспаға басу. Басу құрылғылары.
Сабақты қорытындылау: Жазылған материалды қағаз бетіне баспа құрылғыларды пайдалана отырып шығару. Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.