Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бейстандарт функциялар мен процедураларды пайдаланып  программалар құру. -

Бейстандарт функциялар мен процедураларды пайдаланып программалар құру.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1404 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Бейстандарт функциялар мен процедураларды пайдаланып
программалар құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өткен материалдар бойынша , алған білімдерін тексеру,
берілген тапсырмаларға бағдарламалар дайындау, нәтижесін алу.

Дамытушылық: Оқушылардың компьютерде әртүрлі бағдарламамен жұмыс жасауда
әр-түрлі амал-тәсілдер ойлау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қолдану
Сабақтың әдісі: эвристикалық-зерттеушілік
Сабақтың түрі: Тренинг
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаз, семантикалық карта , «Қатесін тап» презентация
бағалау парағы, буклет т.б.
Сабақтың жүру барысы:
І.Ұйымдастыру
Ең алдымен оқушыларды тренинг сабақтардың ұстанымдарымен таныстырамыз.
1. Адаладық ұстанымы: тренингке қатысып отырған оқушылар тек әділ ойын айту керек.
2. Белсенділік ұстанымы: оқушылардың сабаққа толығымен шынайы қатысуы. Оқушыларды 4 топқа бөліп, өз орындарына отырғызады.
ІІ. Кезеңдер:
1-кезең: Сергіту сәті, өткен материалдарды еске түсіру үшін сұрақтар қойылады.
Сыныпқа түгел беріледі. (5-минут)
2-кезең: еске түсіру кезеңі , әр топқа өткен материалды еске түсіру үшін семантикалық карталар ұсынылады (5-минут) Дұрыс жауаптар кілт арқылы тексеріледі.
3-кезең: Шығармашылық тапсырма: Төрт тапсырманы таңдап алып, сол тапсырманы орындайтын программасын дайындау (15-минут)
4-кезең: Орындаған тапсырманың программасын компьютерде теріп, тексеру. (10-минут)
5-кезең: Әр топтан бір оқушы шығып, өздерінің дайындаған программаларын қорғайды және нәтижесін көрсетеді. (5-минут)
6-кезең: «Қатесін тап» мультимедиялық-проекциялаушы құрал арқылы тақтаға түсірілген бағдарламаның қатесін табу (2-минут)
ІІІ. Оқушыларды бағалау
Әр топтың орындаған тапсырмаларына баға беріп, қорытамын
Әр оқушының сабаққа қатысы туралы айтып, кесте бойынша қорытынды бағасын қоямын, қай топ жоғары тұрғанын диаграмма бойынша көрсетемін. (2-минут)
ІV. Сабақты аяқтау

:


Тақырыбы: Ақпарат түрлері. Кодтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ақпарат және санау жүйелерінің түрлері туралы
мағұлмат беру.
Тәрбиелік: Ақпарат және ақпараттық мәдениетті оқушыға қалыптастыру.
Дамытушылық: ақпарат және оның қасиеттері туралы ой қалыптастыру.
Сабақтың типі. Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: топтық және ұжымдық
Жабдықталу: көрнекі материал, таратпа материал, оқу құралдары
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Көкейтестігі:
А) негізгі ұғымдар: Бит, байт, ондық, екілік, он алтылық санау жүйелері
Ә) оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ақпараттың өмірде кездесетін түрлері туралы
Б) бақылау формалары: сұрақ-жауап
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі
2. Ақпарат дегеніміз не?
3. Байт дегеніміз?
4. Кодтау дегеніміз?
5. Санау жүйелерінің түрлерін ата, салыстыр
ІІІ Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру (15 мин)
А) Жаңа ұғымдар: Ақпарат, ақпараттың түрлері
Ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру
Ақпарат – қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар.
Информатика – ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым.
Санау жүйесі деп сандардың аталуы және жазылу әдісін айтады.
Разярд деп санның цифрына бөлінетін позицияны атайды.
Қандай да бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау деп атайды.
Бит деп екілік санның әрбір разрядын атайды.
8 биттен тұратын кодты байт деп атайды.
Б) мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
1. Кодтарды қай жерде қолданамыз?
2. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесінен айырмашылығы?
Жаңа сабақты тексеру
Тест сұрақтарын беру (5мин)
ІV.Үй тапсырмасы
15 ,17,19 беттегі тапсырмалар

V. Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағадау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.