.
.
І.“Ұйымдастыру”. Білім шыңы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1594 | Размер: | Автор: Нартай4540Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Алдарыңызда өз білімімен, ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың оқушылары.
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. ——————————————————————————————–
2. ——————————————————————————————–
3. ——————————————————————————————–
4. ——————————————————————————————–
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – деп бүгінгі ойнымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
1.«Бой сергіту»
Бұл кезеңде әрбір командаға 9 сұрақ оқылады. Дұрыс жауап болса, онда 1-сұрағына 1-ұпай беріледі. Егерде жауап бере алмаса басқа командаларға жауап беруге болады.
1 команда
1. Ақпараттың өлшем бірліктері?
2. Екі қолда қанша саусақ бар, он колда ше?(10, 50)
3. Заттың үш күйі бар.(иә)
4. Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады?,
(1 cағат)
5. Колонка не үшін?
6. Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)
7.Температураны өлшейтін құрал-динамометр.(жоқ)
8. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3)
9. Тышқан не үшін?
******************************************************************************
2 команда
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
3. Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ)
4. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
5. Ақпарат дегеніміз не?
6. Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ)
7. Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3кг тартады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
8. Пернетақта не үшін?
9. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль.(иә)
******************************************************************************
3 команда
1. Информатика дегеніміз не?
2. Бір жанұяның 5 ер баласы, және олардың әрқайсысында қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6)
3. Табиғаттағы сан алуан өзгерістер – табиғат құбылысы ма? /ия/
4. Монитор не үшін?
5. 1 т мақта ауыр ма, әлде 1000 кг темір ауыр ма? (тең)
6. Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы-кристалдану деп аталады.(жоқ)
7. Принтер не үшін?
8. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (үтір)
9. Массаның өлшем бірлігі-килограмм.(иә)
******************************************************************************
2-тур. «Тапқырлық»
Табиғатта заттар көп. Солардың біреуі туралы. Ол қандай зат?
1.Оны үйкелісті азайту үшін қолдануға болады.
2. Оны қыздыру,суыту үшін қолдануға болады.
3. Үлкен адамдардың организмінде 65% бар.
4.Оның үш күйімен біз жиі кездесеміз. (су)
******************************************************************************
3) “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне –бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді.Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір-біріне бетпе-бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)
******************************************************************************
32. WINDOWS ЖҮЙЕСІН ЖАСАУШЫ - … КОМПАНИЯСЫ. Microsoft
3- ТУР Бәрін білгім келеді
АҚПАРАТ
10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, таратады, өңдейді)
20. Ақпараттық процестерді ата (ақпаратты алу, беру, сақтау және өңдеу)
30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)
ҚҰБЫЛЫС
10.Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы қалай аталады? /ішкі энергия/
20.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе берген энергиясы. /жылу мөлшері/
30. Сұйықтың буға айналу құбылысы. /кебу/
КӨПМҮШЕ
10. a3+b3= (a+b) (а2-ab+b2)
20. Теңдеуді шеш: x-7+8x=9x-3-4x (x=1)
30. Ең үлкен 3 таңбалы сан мен ең кіші 1 таңбалы санның қосындысын тап. (999)
Көрермендермен жұмыс:
Цифрларға байланысты мақал-мәтелдер айту.
1.2 жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас
2.5 бармақ жиналса, жұдырық болады.
3.30 тістен шыққан сөз, 30 рулы елге тарайды.
4.1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.
5.7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.
6.Ат баспаймын деген жерін 3 басады.
4. «Зерделілер сайысы»
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш, линейка, a ruler)
2).Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім болды. (сегіз, восемь,eight)
1. Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
5 – кезең. «Сиқырлы әріптер»
Бұл кезеңде екі топқа анаграмма беріледі.
1. Ринперт - принтер
Тақпертане - пернетақта
Сорцеспро – процессор
2. Нантдисмикри - дискриминант
Лельрапа - параллель
Тдеуең - теңдеу
3. Туператемра - температура
Киграммло - килограмм
Монамикадитер - термодинамика
6 – кезең. «Қиял әлемі» топ басшылар сайысы.
1.Егер мен математик болсам...
2.Егер мен физик болсам...
3.Егер мен программист болсам...
Информатика, физика, математика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Бүгінгі көріп тамашалаған интелектуалды ойын “Білім шыңы” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Логикалық есептер
1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)
2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)
4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
5) Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай? (1 метр)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.