.
.
Сабақтың тақырыбы: Білімдерді және білімдер базасын айқындау Білімдерді және білімдер базасын айқындау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1470 | Размер: | Автор: Нартай4540ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Жасанды интеллект жүйесінің ұғымы деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
ББ-ның негізгі элементі ЖИ жұмыс істеуі тиіс пәндік сала туралы білім болып табылады.
Білім – сипатталатын проблема туралы хабардар болудың белгілі бір деңгейіне сәйкес келетін, біртұтас сипаттама құратын мәліметтердің жиынтығы.Білімдердің мәліметтерден айырмашылығына келетін болсақ, мәліметтер тек уақыттың сол өту сәтіндегі объектілердің немесе объектілер тобының нақты жай-күйін ғана сипаттайды, ал білім мәліметтерден басқа, осы мәліметтерді қалай операциялауға болатындығы туралы мағлұматтарды құрайды.
Сипаттауды жинақтау дәрежесі бойынша білім мына төмендегіше бөлінеді:
1) жалпылыма – пәндік саланың жекелеген ұғымдары арасындағы сепеб-салдарлық қатынастардың жиынтығын сипаттайды,
2) терең – пәндік салада болып жатқан барлық үдерістерді терең түсіну көрсететін абстракцияға, аналогияға, үлгілерге қатысты.
Терең ұғым базасына ену жүйені неғұрлым икемді әрі бейімделгіш етуге мүмкіндік береді, өйткені терең білім бастапқы қарапайым ұғымдарды жобалаушының немесе сарапшының жинақтау нәтижесі болып табылады.
Құбылыстардың көріну дәрежесі бойынша білім төмендегідей болып бөлінеді:
1) қатаң – бастапқы жағдайларды беру кезінде біртекті нақты ұсыныстама алуға мүмкіндік береді,
2) ұяң - көптеген шашыраңқы шешімдер және көп нұсқалы ұсыныстамаларға жол береді.
Білім сипаттау нысаны бойынша төмендегіше бөлінеді:
1) декларативті (фактілер) – бұл «А дегеніміз А» түріндегі білім,
2) рәсімдік – бұл «Егер А, онда В» түріндегі білім.
Декларативті білім объектілерге, объектілердің тобына (класына) және қатынастарға бөлінеді.
Объект – бұл өзінің мәні берілетін факт.
Объектілер класы – бұл объект-фактілердің нақты жиынтығы біріктірілетін атау.
Қатынастар – объектілер кластары және пәндік сала шеңберінде пайда болған жекелеген объектілер арасындағы байланысты айқындайды.
Үйге тапсырма
Білімдерді және білімдер базасын айқындау
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, лқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.