Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Блокнот және Калькулятор бағдарламасы -

Блокнот және Калькулятор бағдарламасы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3031 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Блокнот және Калькулятор бағдарламасы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Блокнот және Калькулятор бағдарламасы туралы түсінік беру, құрал-саймандар тақтасымен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Оқушы білімін тексеру
1. WordPad программасын қалай іске қосамыз?
2. WordPad қандай редактор?
3. WordPad программасының терезе элементтерін атаңдар.
4. Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?
5. Пішімдеу тақтасы не үшін керек?
ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру
ІV Жаңа материалды түсіндіру
Блокнот бұл өте шағын мәтіндік редактор, оның жұмысы үшін жадтың аз көлемі қажет.
Блокнот жұмыс уақытында белгі құруға, кейін оны басқа қолданбаға кірістіріп қоюға болатын мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған.
Блокнот программасын іске қосу үшін Пуск – Все программы – Стандартные – Блокнот командасын орындау керек.
Блокнот программасының элементтері:
1. Тақырып жолы
2. Меню жолы
3. Жұмыс өрісі
4. Айналдыру жолағы
Калькулятор бағдарламасы
Калькулятор бағдарламасын іске қосу үшін Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор командасын орындаймыз.
Калькулятордың терезесінің өлшемі бекітіліген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету, түр, анықтама), терілген сандарды көруге және нітиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады. Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін NumLock пернесін басу қажет.

V Оқушылардың жаңа сабақтан түсінгенін тексеру
1. Блокнот қандай редактор?
2. Блокнот программасын қалай іске қосамыз?
3. Блокнот программасының мүмкіндіктері.
4. Терезе элементтерін атап беріңдер.
5. Калькулятор бағдарламасын қалай іске қосамыз?
6. NumLock пернесінің міндеті қандай?
Сөзжұмбақ шешу

VІ Жаңа материалды бекіту
VІІ Үйге тапсырма беру 150-151 бет оқу
VІІІ Оқушы білімін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.