.
.
Сабақтың тақырыбы: Болдырмау командасы. Қапшықтарды, файлдарды жою тәсілі Болдырмау командасы. Қапшықтарды, файлдарды жою тәсілі
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1224 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға болдырмау командасы, қапшықтарды, файлдарды жою тәсілі туралы түсінік беру, объектілерді көшіру және жылжыту жолдарын үйрету
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Объектілерді көшірмелеу және жылжыту үшін қандай командаларды орындаймыз?
2. Объектілерді көшіру және жылжытудің қанша тәсілі бар? Атап беріңдер.
3. Мәзір командалары арқылы объектілерді қалай көшірмелеу және жылжытуға болады?
4. Ауыстыру буфері дегеніміз не?
5. Қандай пернелер үйлесімін қолданып объектілерді көшірмелеу, жылжыту, кірістіруға болады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Кез келген терезенің менюіндегі Правка – Отменить командасын орындап, көшіру немесе жылжыту операцияларын орындатпауға болады (Егер терезеде құрал-саймандар тақтасы болса, ондағы Отменить батырмасын шерту жеткілікті).
Отменить командасын өздерің керексіз әрекет жасасымен, бірден шақыру керек екенін ұмытпаңдар.
Егер сендер тағы қандай да бір операцияны орындасаңдар, онда Отменить командасы жылжыту немесе көшіру әрекеттерін емес, нақты осы операцияны болдырмайды.
Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен ғана жүргізілуі керек!
Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:
1. Объектіні белгілеп, Del пернесін басыңдар.
2. Белгіленген объектіде маустың оң жақ батырмасымен шертіп, динамикалық менюден Удалить командасын таңдаңдар.
3. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, қапшық терезесі менюіндегі Файл – Удалить командасын орындаңдар.
4. Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, Жұмыс үстеліндегі Корзина (Себет) белгішесіне апарыңдар.
Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысын пайдалансаңдар да экранда «Өшіру қажет пе?» деген сұрау терезесі шығады.
Егер сендер Да (Иә) батырмасын шертсеңдер, онда өшірілетін объектілер автоматты түрде Корзинаға (Себетке) салынады. Егер сендер Нет (Жоқ) батырмасын бассаңдар, онда объект жойылмай, бұрыңғы орнында қалады.
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Операцияларды болдырмау үшін қандай команданы орындаймыз?
2. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды жою үшін қандай командаларды орындаймыз?
3. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды жоюдің қанша жолын білеміз?
VІ Жаңа сабақты қорыту
VІ Оқушы білімін бағалау
VІ Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.