Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Циклдік алгоритм -

Циклдік алгоритм

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 356 | Просмотров: 2536 | Размер: 494.0 Kb | Автор: bibigul
. Сыныбы: 6
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолдананып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Осындай есептеулерді орындаған кезде циклді алгоритмдерді құрудағы білімдерін арттыру. Циклдік алгоритмдердің сызба-нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру.
Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Қайталау барысын орындау алдында оның аргументінің параметрінің алғашқы мәнін енгізу арқылы , оның қадамын орнату жағдайларын қарастырып, циклдерге деген білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды цикілдің мәнін ұғуға тәрбиелеу. Оның қайтымдығына өмірмен байланыстырап, мысалдар кертілу арқылы өмірдің қайтымсыз екндігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмел-илюстративті,
Көрнекілік: флипчарт, activоte, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
1. Үй тапсырмасын тексеру (тест сұрақтары) 2 минут
2. Еске түсіру кезеңі (Симантикалық карта) 2 минут
3. Жаңа сабақ (Флипчарт арқылы түсіндіру) 10 минут
4. Тапсырмалар 17 минут
5. Сабақты бекіту (онлайн режимі)10 минут
6. Үйге тапсырма беру 2 минут
7. Бағалау 2 минут
Үй тапсырмасын тексеру: (activоte құралы арқылы тест тапсырмасын орындату)
1. Алгоритм дегеніміз не?
А) іс-әрекеттің ретсіз орындаруы
В) іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы
С) тармақталу алгоритмі
D) қандай да бір іс-әрекеттің орындалуы
2. Алгоритмнің түрлері?
А) сызықтық, циклдік
В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдің
D) негізгі, қосымша
3. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым
А) Мухаммед Әл-Хорезми
В) Билл Гейтс
С) Лейбнец
D) Робертсон
4. Aлгоритмнің қасиеттер.
А) түсінікті, толық
В) негізгі, қосымша
С) қарапайым, күрделі
D) айқындылық, үзіктілік, нәтижелік, жалпылық, формалдылық
5. Тармақталу алгоритмінің негізгі түйінді сөздері
А) басы, соңы
В) алг, арг
С) егер, онда, әйтпесе, бітті
D) енгізу, шығару
Бағалау:
“5” - 5 ұпай
“4” - 4 ұпай
“3” – 2-3 ұпай
“2” – 1 ұпай
2-кезең: Еске түсіру кезеңі.Семантикалық карталар
р/с Жауаптары. Есептер Тіктөртбұрыштың периметрін табу программасын құрыңдар.
2. Функцияның мәнін есептеу
программасын құрыңыз.

Оң сан болса 2 ге арттырып, ал теріс сан болса 2 ге кемітетін алгоритм
1 Алг есеп1
Арг а,в
Нәт с
Басы
c:=sqr(a+b)
шығару с
соңы
2 Алг есеп1
Арг x,y,z
Нәт
Басы
=sqrt(sqr(x))+ sqrt(sqr(y))+ sqrt(sqr(z))
шығару
соңы
3 Алг есеп1
Арг а
Нәт с
Басы
Егер а>0 онда c:=a+2 әйтпесе c:=a-2
бітті
шығару с
соңы
Қайталау сұрақтары:
1. Алгоритмдерді неше тілде көрсетуге болады?
2. Алгоритмдік және графикалық тілдерді түсіндір
3. Байланыс сызықтары деген не?
4. Блоктардың неше түрі бар?
5. Меншіктеу командасы қалай жазылады? Ондағы айнымалылар.
6. Командалардың неше түрі бар?
7. Алгоритмдердің түрлерін ата.

Жаңа тақырып
Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің талап орындауын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Циклдік алгоритмдерді пайдалану, оларды кейіннен программаларда цикл командалары түрінде қысқартып жазу мүмкіндігін береді.
Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталау командасы құрайды. Бұл команда алгоритмді жинақы етіп жазуға мүмкіндік береді.
Қайталау командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөдері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қолданылатын шарт, ал цикл басы мен цикл соңы түйінді сөдерінің арасына қайталанатын командалар жазылады. Мұнда да цикл басы мен цикл соңы түйінді сөздер арасындағы цикл аздап оңға ығыстырылып жазылады, олай ығыстыру қайталанатын командалардың орындалу реттігін түсінуді оңйлатады.
Төменде қайталау командасы алгоритмдік тілде және графиктік түрде берілген.
Блок - схема Алгоритм

Иә жоқ

Алг
Басы
Енгізу
Әзір шарт
Цб
Цикл денесі
Цс
Соңы

Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау саны алдын ала белгілі цикл – арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл - командалық (итерациялық) цикл деп аталады.
Мысалы: Екі бүтін сан - а және b ( ) берілсін. Бөлу амалын қолданбай а-ны b-ға бөлгендегі қалатын қалдықты табу керек.

алг қадамдық цикл (бүт а,b)
арг a, b
нәт а
басы
енгізу (а,b)
егер а>=b онда a:=a-b
бітті
шығару а
соңы

Тапсырмалар:
Мысалы: 1, 3, 5, ... , 15 сандар тізбегі берілген. Осы тізбектің квадраттарының кестесін құру керек.
Берілген: х= 1
Қажетті формула: x:= x2
Блок - схема Алгоритм

Иә Жоқ

алг квадраттар кестесі
нәт бүт у
басы бүт х

х:= 1;
әзір x<=15
цб
у:= х2

шығару х, у;

х:= х+2;
цс
соңы

Қосымша тапсырма.
1. 20 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 5 санынан үлкен сандар қашан екенін анықтайтын алгоритм және сызба-нұсқа құр.
2. 10 саннан бүтін сандар тізбегі берілген, осы сандардың ішінен 4 санынан кіші сандар қашан екенін анықтайтын алгоритм және сызба-нұсқа құр.
Бекіту:
1. 9 сынып электронды оқулығынан 1-8 интерактивті тапсырмаларды орындау




2. Екі жақты оқыту (Екі топ бір-бірімен онлайн жүйесінде сұрақ алмасу)
Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап келу. Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритмін және блок-схемасын құрастыру.
Бағалау. Оқушының бағалау парағы:
Ұйымдастыру Дәптер бар – 1 ұпай, жоқ -0
Қалам бар – 0,5 ұпай, жоқ -0
Үй жұмысы Үй жұмысы
Бар, бірақ дұрыс емес -0,5
жартылай дұрыс – 1,5 толық дұрыс - 3
жоқ - 0
тест “5” - 5 ұпай
“4” - 4 ұпай
“3” – 2-3 ұпай
“2” – 1 ұпай
Сәйкестендіру 1 ұпай
Тапсырмалар жартылай дұрыс – 10 ұпай
толық дұрыс - 15 ұпай
жоқ - 0 ұпай

Бекіту
Интерактивті тапсырма
Екі жақты сұрақ (онлайн)

Жоғарғы ұпай 3 ұпай /мұғалім қояды/
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай
Белесенділік 2 ұп /мұғалім қояды/
Жалпы жинаған ұпайы б/ша
27-ден көп екі рет «5»
26-20 ұп – «4»
19-8 - «3»
7-0 – «2»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.