Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Циклдiк алгоритмдi программалау. -

Циклдiк алгоритмдi программалау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1601 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Циклдiк алгоритмдi программалау.
Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі циклдік операторлар жайлы білімдерін қалыптастыру. Циклдік программалар құрып үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Тармақталу алгоритмына программа құру үшін қандай операторлар қолданылады?
2 Шартты оператордың жазылу форматы?
3 Шарт ретінде не қолданылады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады.
Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: арифметикалық цикл - FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE және шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT.
Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.
FOR операторын параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені, қайталау саны функция аргументі сияқты циклдің параметрі қызметін атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі.
FOR операторының екі түрі бар:
FOR <айнымалы>:= to do <оператор>;
FOR <айнымалы>:= downto do <оператор>;
Мұндағы, S1 және S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for…do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; <оператор> - цикл тұлғасы.
FOR – ҮШІН, TO – ДЕЙІН, DO – ОРЫНДАУ деген мағынаны беретін түйінді сөздер. Паскаль тілінде цикл параметрі міндетті түрде бүтін немесе реттелген типтегі айнымалы болуы қажет. Параметрдің өзгеру қадамына байланысты операторда TO немесе DOWNTO (DOWN – төмен, TO – дейін, DOWNTO - кері қарай) түінді сөздері пайдаланылады. Егер қадам +1 ге тең болса, онда операторда TO, ал қадам -1 –ге тең болса, онда DOWNTO сөзі қолданылады.
Параметрдің бастапқы және соңғы мәндері бүтін сан түрінде немесе өсуі, кемуі бойынша реттелетін болуы тиіс, әйтпесе оларды бүтін мен беретін арифметикалық өрнек түрінде жазуға да болады.

FOR операторының блок-схемасы

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1 Циклдік алгоритм дегеніміз не?
2 Қандай циклдік операторлар бар?
3 FOR операторының жазылу форматы қандай?
Тапсырма №1.
А) Қадақпен берілген массаны (1-50 қадақ аралығын) кг-ға түрлендіретін программа құрыңдар. (1 қадақ =0,4кг).
Б) Дюйммен берілген қашықтықты (1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендіретін (1 дюйм=2,54 см) программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №3.
өрнегінің а=1,2,...,100 болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға циклдік операторлар туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Циклдік алгоритмді программалау. FOR циклдік операторы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.