Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дискілерді пішімдеу. Дискетке көшу әдісі. -

Дискілерді пішімдеу. Дискетке көшу әдісі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1512 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Дискілерді пішімдеу. Дискетке көшу әдісі.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: дискеттерді пішімдеу операциясымен объектілерді дискетке көшіру ерекшеліктерімен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Объектілерді қалпына келтіру үшін қандай командаларды орындаймыз?
2. Объектіні Себетте қанша уақыт сақтауға болады?
3. Себеттегі объектілерді көру үшін не істеу керек?
4. Дискеттен жойылған объектілерді қалпына келтіруге бола ма?
5. Дискетадан жойылатын объектілерді Себетке сала ма?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Жаңа дискетке ақпаратты алғашқы рет жазу алдында оны пішімдеу керек. Пішімдеу немесе инициализациялау – бұл дискетті компьютерлік файлдарды сақтауға дайындау. Кейбір дискеттер алдын ала пішімделген күйде сатылады. Бұл өндірушілердің өздері инициализациялауды жүргізгенін білдіреді, сондықтан сендерге мұны жасаудың қажеті жоқ. Өздеріңнің компьютерлеріңнің қатқыл дискін өз беттеріңмен пішімдеуге ұмтылмаңдар! Бұл жағдайда сендер онда жазылған бағдарламалар мен деректерді, операциялық жүйені қоса өшіріп тастайсыңдар, сонда машина жұмыс істемей қалады.

Объектілерді дискетке көшіру әдістері:

1. Дискжетекке дискетті қойыңдар 2. Менің компьютерім қапшығын ашыңдар
3. А: дискісін ашыңдар 4. С:дискісіндегі одан объектіні көшіріп алғыларың келетін қапшықты ашыңдар.
5. А: дискі мен қажет қапшықтың терезелерін қатар орналастырыңдар. 6. Деректер-қапшығы терезесінен өздеріңе керек файлды мауспен іліп алыңдар да, оны А: дискісінің терезесіне апарыңдар.
7. Копирование терезесі пайда болады. 8. Копирование терезесі экранда жоқ болып кетеді.

V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Дискеталарды пішімдеу деген не?
2. Дискеттерді пішімдеудің қанша тәсілі бар?
3. Дискеттерді пішімдеу не үшін керек?
4. Дискетке объектілерді көшіру үшін қандай командаларды орындаймыз?

VІ Жаңа сабақты қорыту
VІ Оқушы білімін бағалау

VІ Үйге тапсырма беру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.