Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
DriveListBox, DirListBox, FileListBox, Image компоненттері -

DriveListBox, DirListBox, FileListBox, Image компоненттері

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1394 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: DriveListBox, DirListBox, FileListBox, Image компоненттері
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
Жаңа сабақ
Бұл компоненттерінің көмегімен компьютерде орнатылған дискілер және оларда жазылған бумалар мен файлдар тізімін шығаруға болады. Қосымша орындалғанда DriveListBox объектісіндегі дискілер тізімі ComboBox объектісі сияқты, ал DirListBox, FileListBox объектілері ListBox объектісі сияқты ашылады.
Бұл объектілердің негізгі қасиеттері:
Drive – дискі аттарын көрсету
Path – каталогтың орналасқан жерін көрсету
Pattern - файлдың орналасқан жолын көрсету

- DriveListBox - FileListBox - DirListBox

Image – компоненті (сурет-қорап) графикалық өрістің қарапайым түрі болып табылады. PictureBox компонентінен айырмашылығы сурет объектісінің ішіне басқа объектілер кірістіре алмайды. Қосымшаға ImageBox компонентімен енгізілген суреттер жадта аз орын алады. Негізгі қасиеттері: Picture – кірістірілген файл жолы, Stretch – текстік объектілердің Autosize қасиетіне ұқсайды, егер мәні True болса, онда сурет объектінің өлшемдеріне шақ кішірейеді немесе үлкейеді, егер False болса, онда объект өлшемдері сурет өлшемдеріне шақ кішірейеді.
- Image – компоненті
Жаңа сабақты бекіту
ІХ. Үйге тапсырма
DriveListBox, DirListBox, FileListBox, Image компоненттері

Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.