Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Дыбыспен  жұмыс. Слайдтарды  демонстарациялау. -

Дыбыспен жұмыс. Слайдтарды демонстарациялау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2030 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Дыбыспен жұмыс. Слайдтарды демонстарациялау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа сабақ
Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұд музыка, сөз, дыбыстық эффектлер болуы мүмкін. әдетте дыбыстық эффектлерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады.
Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын аудиториялық баяндама ұшін де қолдануға болады. Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның көңілін аудару үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілге ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы МР3 пішімі қолдану ұсынылады.
Ағымдағы слайдқа дыбыстық файл ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек:
1. Вставка- Фильмы и звук- Звук из файла пунктін таңдаңыз.
2. Вставка звука терезесінде сендердің компьютерлеріңде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.
Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:
1. Показ слайдов- Настройка Анимации командасын орынау.
2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгеруін, дыбыстық сүйемелдеін және т.с.с. анықтау керек.
3.Берілген процедура слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.
Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:
Слайдтың алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектлердің таңдалуы Показ слайдов- Смена слайдов командасының көмегімен орындалады.
Презентацияның әрбір слайды экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын-ала жасауға болады( Показ слайдов- Настройка времени командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтығы көрсетіледі.
Слайдтарды көрсетудің үш әдісі бар:
1. Слайдтар толық экранды режимде бейнеленетін, баяндамашымен басқарылатын көрсетуді өткізудің әдеттегі әдісі. Жетекші презентацияны қолмен немесе автоматты режимде өткізе алады, оны ескертулер немесе әрекеттер жазу үшін тоқтата және тіпті презентация кезінде сөздік сүйемелдеуді жаза алады. Бұл режим презентацияны үлкен экранда көрсету, желі арқылы жиналыс өткізу немесе презентациялау үшін ыңғайлы.
2. Пайдаланушымен басқарылатын презентация кішкентай терезеде бейнеленеді (желі бойынша немесе Интернет арқылы бір пайдаланушы көру кезінде),слайдтарджы ауыстыру, редакциялау, көшіру және басу командалары бар. Бұл режимде басқа слайдқа өтуайналдыру жолының немесе және батырмалары көмегімен жасалынады. Жұмыстың ыңғайлылығы үшін Web құралдар панелін шығаруға болады.
3. Автоматты-презентация толығымен автоматты түрде толық экранда өтеді.Бұл режимді көрмелік стендтте немесе жиналыста пайдалануға болады. Сонымен қатар көптеген меню мен командаларға тиым салуға және циклдық көрсету режимін қосуға болады. Әдісті таңдау үшін, Настройка презентаций(Показ слайдов менюі) диалогтық терезесінде ауыстырып қосқыштытиісті күйге орнату керек.
Слайдтарды көрсету процесін басқару үшін батырмаларын да пайдалануға болады.Егер әрбір слайдқа бірдей батырмаларын орналастыру.керек болса, оларды слайд үлгісінде орналастыру керек.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қою арқылы сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Дыбыспен жұмыс. Слайдтарды демонстрациялау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген бі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.