Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Еңбек  қарым – қатынастары құжаттары түрлері -

Еңбек қарым – қатынастары құжаттары түрлері

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2390 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Еңбек қарым – қатынастары құжаттары түрлері
(бұйрықтар, келісім – шарт, өмірбаян, арыз, түсінік т.б.)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Жаңа материалдың мазмұны:
Оқушыларға бірнеше құжаттардың үлгілерін толтыруды үйретемін.
Мысалы:
1.
КТУ директоры
Б.Ниязов мырзаға

Түсінік.

№10 топта сабақтың болмауы туралы 12.10.03 сағат 10.00-де азаматтық қорғаныс жөніндегі сабаққа топтағы 20 оқушының үшеуі ғана келді.
Соның салдарынан сабақты ауыстыруға туралы келді.

Оқытушы: И.Қалымбетов.
2.
Жедел хат

003272 Астанаға, Қонаев -17
әскери бас қолбасшыға

Полигондағы сынақ сәтті аяқталды. Ары қарай бұйрық күтіп отырмыз.
Хабарды мына мекен – жайға жіберіңіз.

Жамбыл, гвардейский – 13, Құралбаев Б.
3.
Қорқыт ата атындағы ҚМУ
ректоры техника ғылымының
докторы, профессор Қ.А.Бисенов
мырзаға экономика факультетінің
УИА 03-3 оқу тобының студенті:
Ниязов Рахаттан

Өтініш

Мен осы өтінішім арқылы сізден мені сыртқы оқу бөліміне ауыстыруыңызды
сұраймын.

Өтініш иесі: Ниязов Р
20.11.2005ж.

4.
Өмірбаян

Мен Ниязов Рахат Бахытжанұлы 1985 жылы 24 тамызда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ы.Жахаев ауылында дүниеге келдім. Әкем Ниязов Бақытжан Шиелі ауданында салық комитетінің бөлімінің директоры. Шешем Құралбаева Гүлжанат №149 «Қызыл ту» орта мектебінің мұғалімі. Жанұямызда төрт бала бар. Ең үлкені мен, қалған үшеуі мектепте оқиды. Өзім осы күні Қорқыт ата атындағы мемлекеттік экономика факультетіне түстім. Әлі күнге дейін осы университетте оқудамын.
Мекен-жайым:
Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы, Ы.Жахаев ауылы, Ы.Жахаев көшесі 56.

Ниязов Р.Б. ----------------------

02.03.06ж.

Үйге тапсырма: Еңбек қарым – қатынастары құжаттары түрлері
(бұйрықтар, келісім – шарт, өмірбаян, арыз, түсінік т.б.)

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін
талдау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.