.
.
Тақырып: Электронды кестемен практикалық жұмыс жасау. Электронды кестемен практикалық жұмыс жасау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3708 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың кестелермен жұмыс жасау жолдары туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды электронды кестелермен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Жаңа кесте құру кезеңдері?
2. Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?
3. Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Кестеге енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы оның сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.
Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәйкес қосымшаны ашамыз.
Кестедегі әр санды әр түрлі форматта беруге болады. Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:
- ұяшықтарды белгілеу
- Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау.
- Ұяшықтар форматы диалогтік терезесінде Сан қосымшасын таңдау керек.
- Сандық формат тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады.
- Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады.
- Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу.
- ОК батырмасын шерту қажет.
Кестені пішімдеу жолдарын ұғына отырып, толыққанды электронды кесте құруға көшуге болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?
2. Электрондық кестемен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері қандай?
Тапсырма.
Келесі кестені толтырыңдар.
Шығын ведомості
Тауар Саны Бағасы Соммасы ҚҚС Квадраттық түбірі
Парта 15 2500 =B3*C3 =(D3*15)/100 =КОРЕНЬ(D3)
Орындық 32 1500 =B4*C4 =(D4*15)/100 =КОРЕНЬ(D4)
Диван 2 32000 =B5*C5 =(D5*15)/100 =КОРЕНЬ(D5)
Жалюзи 9 21500 =B6*C6 =(D6*15)/100 =КОРЕНЬ(D6)
Компьютер 16 80000 =B7*C7 =(D7*15)/100 =КОРЕНЬ(D7)
Диск 53 35 =B8*C8 =(D8*15)/100 =КОРЕНЬ(D8)
Стенд 24 3210 =B9*C9 =(D9*15)/100 =КОРЕНЬ(D9)
Барлығы: =СУММ(B3:B9) =СУММ(C3:C9) =СУММ(D3:D9) =СУММ(E3:E9) =СУММ(F3:F9)
Орташа саны: =СРЗНАЧ(B3:B9) =СРЗНАЧ(C3:C9) =СРЗНАЧ(D3:D9) =СРЗНАЧ(E3:E9) =СРЗНАЧ(F3:F9)
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға кестемен жұмыс жасау жолдары туралы жалпы мағлұмат беру. Кестемен жұмыс істеуді үйрету.
7) Үйге тапсырма § 8.4, бет. 106
Практикум.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.