.
.
Электрондық оқулық жасау Электрондық оқулық жасау және пайдалану мүмкіндіктері .
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2304 | Размер: | Автор: araiжәне пайдалану мүмкіндіктері
Татбенова Алтын Ізбанқызы
Атырау облыстық Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар лицейдің информатика пәні мұғалімі.
Қазіргі заман талабына сай электрондық оқулықтарды оқыту процесінде қолдану тиімді болып отыр. Мектеп оқушылырын жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда электронды оқулықтардың қазақ тілінде көптеп шығарылуы мен пайдаланылуын міндеттейді.
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі принциптерінің бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды талапқа сай жасау және пайдалану. Мұғалім үшін электорндық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжіребиесінде жаңа материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электорндық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, білікті оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері тест түрінде жаттығу түрінде де бекіту ұтымды болады.
Электорондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында және кейінгі кездегі АКТ технологиялармен жұмыс сәйкестілігінде.Кей кездерде ашылмайтыны небір қиындықтар қателіктер туғызып та отырады.
1. Мазмұндау - мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, графика т.с.с түрінде беру.Сонымен қатар мұнда аннимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерге тән элементтерді де қолдану.
2. Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтін, график түрінде бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді.
3. Өзін - өзі бақылаудың тесттік жүйесі – оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде беріледі.Тесттік жүйе көбіне алған білім деңгейін тексеруге арналса,бекіту қайталау үшін жаттығулар ұсынылады.Қайталап орындау кезіндегі сапа көрсеткіші өскен кезде оқушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін.
Сыртқы мұқабасында құрылған графиктік бейнелер – иллюстрация деп аталады.Дұрыс таңдалып алынған иллюстрация кез – келген стилдегі бейнені жақсартуға септігін тигізеді. Қарапайым иллюстрацияларды Clip Art, Corel Draw, Adobe Photoshop, Paint праграммаларының көмегімен дайындайды.Бүгінгі таңда дайын шаблондар арқылы да ЭО дайындау әдіс-тәсілдері кездеседі.Әтеген –ай жері көпшілігі біздің ұлттық тілімізге сәйкестендіру жағы ұмыт қалып жататындығында.Сабақтағы бекіту ,тексеру кезеңдерін жекелеп орындату мақсатында да әр түрлі әлеуметтік тестік конвертор программалар қолданса болады.Мысалы testmoz,syrwermenkey com т с с.
Қорыта келе, электорнды оқулықтың құрамында:
- титул беті;
- мазмұны;
- аннотация;
- оқу материалыңың толық мазмұны (схемалар,кестелер,графиктер, иллюстрациялар);
- автор жөнінде мәлімет;
- праграммамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс;
Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:
- оқытудың сапасы артады;
- оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
- уақыт үнемделеді;
- мұғалімдердің оқыту барысындағы сабақ түсіндіру,бақылау алу, бағалау,білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының шығармашылық іс- әрекетке көшуіне алып келеді;
- түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;
- түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;
Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр – сырын жетік игеріп, жеке электорндық оқулықтар шығарып, оқушыларды жетекке алуға болатындығында болашаққа нық қадам екені сөзсіз .Табыстарыңыз жемісті болсын құрметті әріптестер!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.