Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электрондық пошта -

Электрондық пошта

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2091 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Электрондық пошта
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін
біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа сабақ:
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады төмен жылдамдықтағы телефондылардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болуы үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.
Интернетте екі негізгі хаттама қолданылады. Желіаралық хаттама (Internet Рrotokol – ІР) берілетін деректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды. Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Рrotokol ТСР) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты.
Жеке компьютерлерді (желіде олар жұмыс станциялары деп аталады) және оларды пайдаланушыларды идентификациялау екі адрес бойынша іске асырылады ; олардың бірі (домендік адрес деп аталатын) адамға, басқасы(ІР-адрес ) – компьютерге түсініктірек. Мысалы , www.relcom.ry адресі бойынша (www дегініміз – ресурс аты – World Wide Web, relkom – фирма аты, ru – Россия), Relkom желісінің Web-серверіне шығуға болады. ІР-адрес дегеніміз нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 255-ден аспауы керек) 32-биттік сан(мысалы, 49.19.81.2). Пайдаланушыға түсініксіз болғанымен, дәл осы адрес компьютермен оқылады. Интернет коммуникация әдістері мен ақпаратқа шығу тәсілдерін түр-түрімен ұсынатын болғандықтан, көп мекемелер үшін ол – ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі. Интернеттегі электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электрондық пошта болып табылады. Егер Интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланыста екенін ескерсек, ол пайдаланушыға әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге жол ашады(хабар қабылдау-жөнелту арқылы) деуге болады.
Интернеттегі электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін, WWW ресурсына қосылған компьютерге поштаныберетін машинаға шығу мүмкіндігіне ие болу керек. Мұны электрондық пошта жүйесі (е-mail) арқылы жасауға болады, мысалы Lotus сс:Мail немесе Мicrosoft Mail, пошталық ВВS арқылы немесе Интернет қызметтерін жабдықтауышқа қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провайдерлері деп атайды)
Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Пайдаланушы корреспонденцияны жұмыс орнында пошта дайындау бағдарламасымен немесе кәдімгі мәтіндік редакторда дайындайды. Кейін поштаны жөнелту бағдарламасы шақырылады (мысалы, SendMail). Ол кәдімгі поштаны әрі қарай жөнелту үшін байланыс бөліміне жеткізетін пошта курьері есебінде жұмыс істейді. Uniх-жүйелерінде SendMail байланыс бөлімшесі рөлін атқарады. Бағдарлама пошта хабарларын сұрыптап, адресаттарына жөнелтеді. Машиналарында пошталық жәшіктері бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін.
FTR (File Transfer Protokol) файлдарын беру Интернеттегі компьютерлер арасында файлдарды қайта бағыттап отыруға мүмкіндік береді.
USENET телеконференциялары дегеніміз – Интернеттің кез келген пайдаланушысы қатыса алатын аса үлкен электрондық хабарландыру тақтасы.
Archie. FTR шыға алатын файлдар саны өте үлкен және үнемі өсуде (зерттеу есептерінен бағдарламалық қамтамасыз етумен және жарнамалық проспектілердің қателерін ресми түзетулерге дейін). Талап етілген ақпаратты іздеу үшін Archie (құмырсқа) деп аталатын құрал қолданылады. Archie-серверлер FTR шыға алатын файлдар тізімдерін жасап, оларды үнемі жаңартып отырады.
Telnet. Интернетке қосылғаннан кейін Интернеттегі кез келген басқа компьютерге шығуға болады – тек ол үшін рұқсаты болуы және қашықтағы компьютер бұл байланысты бағдарламалық жағынан қолдауы керек.
Gopher – түйінді сөздер және сөйлемдер бойынша Интернетте ақпарат іздеу құралдарының бірі.
WAIS жүйесі (Wide Area Information serwice) Интернетте алуға болатын деректер базаларында ақпарат іздеу кезінде интерфейсті қамтамасыз ету үшін құрылған.
WorId Wide Web дегеніміз – гипермәтінді желілік ақпараттық жүйе.
Интернеттің ауқымды ақпараттық жүйесінің пайда болуы мен дамуы, оны ұйымдастырудың ерекше технологиясы арнайы бағдарламалар – браузерлер жасау қажеттілігін тудырды. Бұл бағдарламалар Интернет стандарттары бойынша жүзеге асырылған желілерде жұмыс істеуге бейімделген. Олар Бүкіләлемдік «өрмекші торының» (World Wide web – WWW) – Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. Бұл тарауда WWW-мен жұмыс кезінде Microsoft Internet Explorer (MIE немесе IE) браузерін пайдаланудың негізгі принциптері баяндалады.
World Wide Web жөніндегі негізгі мәліметтер
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні мынада: ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және тағы басқа файлдар түрінде ұсынады. Бұл файлдар өзара гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығын Web – құжат (Web-сайт, Web-site) ретінде интерпретациялаймыз. Web-құжат жекелеген Web-беттерден тұрады. Web-серверде бірнеше Web-құжат орналасады.
Web-құжатты іздеу және оған шығу арнайы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resours Locator) бойынша орындалады. Стардартты URL ақпараттың хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және соған шығудың жолын белгілейтін үш бөлімнен тұрады. Мысалы, ойыншықтар сатумен айналысатын Vermont Teddy Bears компаниясының URL құрылымы мынадай болып келеді:
htpp//www. serwise.dicital.com/tdb/vtdbear.htm
Хаттама
Компьютердің аты
Қапшықтың аты
Файлдың аты
URL-ді көрсету арқылы пайдаланушы қажетті файлды нақты белгілейді.

Каталогтарына басқа бір тәсілін іздеу жүйесі қызметі көрсетеді
Үйге тапсырма: Электрондық пошта
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалдарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.