Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Электрондық поштадан шығу -

Электрондық поштадан шығу

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1514 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Электрондық поштадан шығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың интернет желісінен ақпарат алу,электрондық
поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру,
хаттарды қабылдау және жіберу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын
дамыту
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компъютер, инт.тақта, электронды оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма беру
Өткен материалды қайталау сұрақтары
1. Компъютерлік желінің қандай түрлері бар. Бүкіл әлемдік желі Интернет туралы айтыңыз?
2. Интернеттегі беттерді қарауға арналған бағдарламалар қалай аталады ?
3. Сілтеме гипперссылка дегеніміз не Бір беттен басқа бетке қалай ауысамыз?
4. Әртүрлі кезеңдерде ақпаратты қалай таратты?
5. Қазіргі уақытта ақпаратты тарату қалай іске асырылады№ Қандай бағдарламалар көмегімен.
6. Хат жазу және жіберу әрекеттері қалай орындалады?
Жаңа түсініктер:
Электрондық поштамен жұмысты аяқтау үшін Файл-Закрыть командасын орындаңдар немесе терезені жабу батырмасында тышқанды шертіңдер.
Дүние жүзінің ең алыс нүктесіне электрондық пошта арқылы жіберілген хабар бірнеше сағат ішінде жетеді. Абонент өз қалауы бойынша электрондық пошта арқылы өз адресаттарымен бір күнде бірнеше рет хабарласуына болады, себебі электрондық пошта сервері тәулік бойы жұмыс істейді.

Сабақты бекіту. Оқушылардың тапсырмаларды толық орындауын тексеріп,
қосымша сұрақтар қою арқылы білімдерін бағалау.
1. Жергілікті желіден басқа қандай желілерді білесіңдер?
2. Интернет желісі қалай пайда болды?
3. Интернет желісінде не істеуге болады?
4. Электрондық пошта дегеніміз не?
5. Электрондық поштаны қалай іске қосады?
6. Хабар жіберу үшін не істеу керек?
Үйге тапсырма: Хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.