.
.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін» Электрондық поштадан шығу
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1448 | Размер: | Автор: bibigul________________
Оқу ісінің меңгерушісі
«14» мамыр 2015ж
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Электрондық поштадан шығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың интернет желісінен ақпарат алу,электрондық
поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру,
хаттарды қабылдау және жіберу дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын
дамыту
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компъютер, инт.тақта, электронды оқулық,
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Электрондық поштамен жұмысты аяқтау үшін Файл-Закрыть командасын орындаңдар немесе терезені жабу батырмасында тышқанды шертіңдер.
Дүние жүзінің ең алыс нүктесіне электрондық пошта арқылы жіберілген хабар бірнеше сағат ішінде жетеді. Абонент өз қалауы бойынша электрондық пошта арқылы өз адресаттарымен бір күнде бірнеше рет хабарласуына болады, себебі электрондық пошта сервері тәулік бойы жұмыс істейді.
Электрондық пошта арқылы мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейнелік ақпаратты жіберуге болады. Электрондық пошта өте жылдам жұмыс істейді. Әлемнің кез-келген нүктесінен хатты санаулы минуттарда немесе секундтарда алуға болады. Электронды поштаның стандартты поштаның бумалары алынған және жіберілетін хаттарды сақтау үшін қолданылады.
Кейде поштаға хаттар ішіне салынған файылдармен келеді. Олар өте үлкен мәтіндік файылдар, графиктік кескіндер, дыбыс және бейнелік ақпараттар болуы мүмкін. Егер қабылданған хатта ішіне салынған файл бар болса, онда оның тақырыбында кішкентай түйреуіштің суреті көрсетіледі.
Ішіне салынған файлдарды сақтау үшін Файл –Сохранить вложения немесе Файл сохранить вложения – Ве командаларын орындаймыз сол кезде бекітілгенфайлды сақтайтын буманы таңдау терезесі пайда болады.
Жаңа хат немесе жіберу үшін оны жіберетін мекен-жайдың адресін білу керек. Адрес былай жазылады: schoo112@os7 kz
Үйге тапсырма: Электрондық поштадан шығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.