.
.
Тақырып: Элемент түрлерi. Өлшемi, индексi. Элемент түрлерi. Өлшемi, индексi.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2214 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың Паскаль тіліндегі массив элементтерінің түрлері және массив өлшемі, индексі туралы білімдерін қалыптастыру. Массивтермен программа құруды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды массивтермен есеп шығаруды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Жиым деп нені айтады?
2) Паскаль тіліндежиымдар қалай сипатталады?
3) Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Массив элементтері бүтін, нақты сан немесе символдық, тіркестік типтегі деректер болуы мүмкін. Массив өлшемі компьютер жады қаншалықты мүмкіндік беретініне байланысты болады. Көбінесе бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді қолданады.
Массив индексі ретінде тек бүтін типті деректер қолданылады.
Мысал : n элементтен тұратын нақты сандар жиымының элементтерін өсуі бойынша реттеп орналастыру программасын құралық.
Program ret;
Var
A:array[1..50] of real;
K,I,j: integer;
M:real;
Begin
Write (‘элементтер саны n-ді (n<50) енгізіңдер: ’ );
Readln(n);
For k:=1 to n do
Begin
Write(k, ‘-элементті енгізіңдер:=’);
Readln(a[k]);
End;
For k:=1 to n do
begin
i:=k;
for j:=k+1 to n do
if a[j] begin
i:=j; m:=a[k]; a[k]:=a[i];
a[i]:=m;
end;
write(‘’, a[k]:6:2);
end;
end.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Индекс дегеніміз не?
2. Жиым элементтері мен индекстренінің типтері қандай
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Х жиымы элементтері ретінде бес бүтін сан енгізу керек. Сол сандарды экранның бір жолына үтір арқылы бөліп отырып жазып шығыңдар; жиым элементтерінің арифметикалық ортасын табатын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
Тапсырма №2.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Нақты сандардан тұратын бірөлшемді а (і) жиымы берілген. Жиым элементтерін кему реті бойынша орналастыратын программа құрыңдар. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды массивпен жұмыс жасауды үйрету.
7) Үйге тапсырма
Массивтер (жиымдар). Бір өлшемді массивтер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.