Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Екі  өлшемді массив. Сандық  массивтермен  жұмыс. -

Екі өлшемді массив. Сандық массивтермен жұмыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3553 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Екі өлшемді массив. Сандық массивтермен жұмыс.
II.Сабақтың мақсаты:
а)Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту.
б)Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру.
в) Дамытушылығы:оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын
арттыру.
III.Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV.Сабақтың көрнекілігі:компьютерлер, топтамалар, тест тапсырмалары, т.б.
V.Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық.
VI.Оқыту формалары: жекеғ топтық, ұжымдық.
VII.Сабақтың барысы: а) ұйымдастыру
б) тесттік тапсырма
в) үйге тапсырма
г) қорытынды.
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгендеп журналға белгілеймін.Ал балалар, І тоқсанда аяқталып, міне, ІІ тоқсан басталды. Барлығымыз каникулда жақсы демалып келген шығармыз. І тоқсанда өткен тақырыптарды қане, қайталап жіберейік. Ол үшін бірнеше сұрақтарға жауап барейік.
1. Аударғыштар дегеніміз не?
2. Visual Basic ортасы дегеніміз не?
3. Visual Basic ортасының неше түрі бар?
4. Visual Basic ортасына қалай кіре аламыз?
5. Бас мәзір дегеніміз не?
6. Проектілер терезесі дегеніміз не?
7. Форма, форма макеті, форма конструкторы дегеніміз не?
8. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
9. Компаненттер панелінде неше компонент бар?
10. Компаненттер терезесі көрінбесе қалай тауып аламыз?
11. Қасиеттер терезесін ше?
12. Программалық код терезесі дегеніміз не?
13. Visual Basic қосымшасын қлай сақтаймыз, ашамыз?
14. Форманың қандай қасиеттерін білесіңдер?
15. TextBox , Label, CommandButton компаненттерін түсіндір.
16. Айнымалылар, өрнектер, амалдар, және стандартты функциялар.
Жаңа сабақ.
Массив( жиым) дегеніміз- бұл бірден бірнеше мән сақталатын жад аймағы. Массив (жиымдар) бағдарламада қолданылмай тұрып жариялануы керек. Жиым өлшемдіктері. Жиым индекстерінің тек жоғары шекараларын ғана беруге болады. Мұндай жағдайда индекстерді нөмірлеу 0-ден басталады. Мысалы: Dim A (5.2) Fs Integer. Бұл индекстер жолдар бойынша 0-лен 4-ке дейін және бағандар бойынша 0-ден 1-ге дейін екі өлшемді массив(жиым) . Массивті жариялағанда төменгі шекарасын беруге болады.
Dim A ( 1 To 4, 0 To 2 )
Тип массив деректерінің түрі.
Келесі франгмантте бүтін түрлі сандар жиымы жарияланады да, кейін оның элементтеріне мәндер меншіктеледі.
Dim B (3) As Integer
B (0) = 22
B (1) = 23
B (2) = 24
Келесі мысалда меншіктеу циклде өтеді.
Dim B (3) As Integer
For I = 0 To 2
B (I) = 22+ I
Next
Массив өлшемі алдын-ала белгіленбеген болуы аз кездеспейді. Мұндай жағдайда бас жиымды жариялау керек. Жарияланғанда индекстері белгіленбеген жиым динамикалық деп аталады. Ол кәдімгі жиым қалай жарияланса, дәл солай жарияланады.
Dim Y ( ) As Integer
Өздеріңе қажетінен үлкен өлшемді жиым жасау ысырапшылық қой. Сондықтан бірде-бір элементі жоқ динамикалық жиым жасап алып, кейіннен оған қажетіне қарай элементтер қосып отырған тиімді. Бұл әдістеме әсіресе элементтердің көп мөлшерімен жұмыс істегенде пайдалы.
Массивке сақталатын элементтерді қосайық. Ол үшін ReDim операторы қолданылады.
ReDim Y (5)
Жасалған элементке мәндер меншіктеу керек. Массив элементтерінің кейінгі мөлшерін тағы да өзгертуге болады: ReDim Y (7) Бұл операторды орындағанна кейін жиымда сақтаулы мәндердің бәрі жасалады. Оларды мақтау үшін Preserve түйінді сөзін қолданыңдар:
ReDim Preserve Y (7)
VIII. Үйге тапсырма:
Екі өлшемді массив. Сандық массивтермен жұмыс.
IX. Сабақты қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.