.
.
«Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебі «Екілік арифметика»
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3084 | Размер: | Автор: Нартай4540Ашық сабақ
Тақырыбы: «Екілік арифметика»
Информатика пән мұғалімі:
Джолбарисова А.О.
Сыныбы: 8 «в»
Шымкент 2012 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Екілік арифметика»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға екілік сандармен
орындалатын арифметикалық
амалдарда қосу және азайту, көбейту
амалдарын тианақтап түсіндіру.
Білімділік: Оқушыларға екілік жүйедегі кесте
бойынша арифметикалық амалдарды
орындап, есептер шығаруда
білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін
және пәнге деген қызығушылығын
дамыту.
Тәрбиелілік: Жан-жақты дамыған білім деңгейі
жоғары, теориялық білімін топ
ортасында көрсете алатын жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайдтарды
көрсетуге), компьютер, кеспе
қағаздары.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Жаңа сабақты түсіндіру, ойын
элементтері қолдану, сұрақ-жауап,
тест жұмыстары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды тыныштыққа шақыру,
Оқушыларды түгелдеу,
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру және өткен сабақтарды қайталау:
1. Информатика ғылымы қай ғасырда пайда болды және қандай сөзден
шыққан?
2. Инфоматика ғылымы нені зерттейді?
3. Ақпараттық процесстер дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
4. Ақпаратты беру, сақтау және өңдеу дегеніміз не?
5. Санау жүйесі дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
6. Цифр және Дәреже деп нені айтамыз?
7. Позициялық және позициялық емес санау жүйесінің айырмашылығы
неде?
8. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі.
9. 76 сандарын ондық жүйеден екілік,сегіздік,он алтылық жүйеге қалай
ауыстырамыз?
10. 1001 сандарын екілік жүйеден ондық жүйеге қалай ауыстырамыз?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Екілік жүйедегі арифметикалық амалдар ондық жүйедегі ережесі бойынша орындалады. Тек айырмашылығы қосу және азайту, көбейту кестесі арқылы орындалады және тек екі цифр қолданылады 0 және 1 сандары.
Қосу кестесі.
Екілік санау жүйесінде 0 және 1 сандарды қосу кезінде мынадай төрт ереже арқылы орындалады:
0+0=0
0+1=1
1+0=1
1+1=10 ( тек қосу амалын орындағанда ғана жоғарғы разрядқа тасмалдау жүреді.)
Қосу амалдарына бірнеше мысалдар қарастырайық:
1001 10012=1*23+0*22+0*21+1*20=910
+ 1010 10102=1*23+0*22+1*21+0*20=1010
10011 910+1010=1910
100112=1*24+0*23+0*22+1*21+1*20=16+0+0+2+1=1910
1910=1910
Нәтижелерін салыстыра отырып, қосудың дұрыс орындалуына көз жеткіздік.
Мысалы: 1) 1101 2) 0111
+ 1011 + 0111
11000 1110
Азайту кестесі.
Азайту ережесін қарастырайық:
0-0=0
0-1=1
1-0=1
1-1=0
Азайту амалын орындау барысында әрдайым абсолюттік шамасы бойынша үлкеннен кіші алынып, үлкен санның таңбасы қойылады.
Мысалы: 1) 0101 01012= 0*23+1*22+0*21+1*20=4+1=510
- 0010 00102=0*23+0*22+1*21+0*20=210
00112 310 510 - 210=310
310=310
Ондық жүйе Екілік жүйе Ондық
жүйе Екілік жүйе
0 0000 8 1000
1 0001 9 1001
2 0010 А(10) 1010
3 0011 В(11) 1011
4 0100 С(12) 1100
5 0101 D(13) 1101
6 0110 Е(14) 1110
7 0111 F (15) 1111
2) 1101 3) 1100
- 1011 - 0110
0010 0110
Көбейту
0*0=0
1*0=0
0*1=0
1*1=1
Мысалы : 1012мен 1102 екілік Сандарының көбейтіндісін табыңдар.Сандарды көбейтуді кіші разрядтан бастап бағанда орындайық:
101 Тексеру: 1012=1*22+0*21+1*20=5
* 110 1102=1*22+1*21+0*20=6
000 5*6 =3010
101 30=3010
+ 101
11110
111102=1*24+1*23+1*22+1*11+0*20=16+8+4+2+0=3010
IV.Оқулықтағы есептерді шығару
16 бет. 2.3- тапсырма.
1. Қосу амалдарын орындау:
1) 11102+10012=?10
2) 11012+10112=?10
3) 10112+92=?10
2. Азайту амалын орындау:
1) 11102-10012 =?10
2) 10102-01012 =?10
3) 10102-32 =?10
3. Көбейту амалын орындау:
1) 101*101 =?
2) 011*110 =?
V. Тест тапсырмасы
1.Сандардың аталу және жазылу әдістерін не деп атаймыз?
А) Бит
Ә) Байт
В) Дәреже
Г) Санау жүйесі
2. Санау жүйесінің қанша түрі бар?
А) 1
Б) 4
В) 2
Г) 3
3. Санның цифрына бөлінетін позицияны не деп атаймыз?
А) Бит
Б) Байт
В) Дәреже
Г) Цифр
4. 11102 мен 10012 екілік сандарының қосындысын табыңдар?
А) 101112
Ә) 11102
Б) 111112
В) 110002
5. 11112 мен 01012 екілік сандарының азайтындысын табыңдар?
А) 00012
Ә) 01102
Б) 10102
В) 10002
6. 1112 мен 1102 екілік сандарының көбейтіндісін табыңдар?
А) 5
Ә) 13
Б) 10
В) 12
VI. Бекіту кезеңі:
"Қисынды ойлай білейік!" ойыны
(Әр қатарға 1 логикалық есеп беріледі.)
«Ойлан тап»
І топ.
1 - тапсырма
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 0111 жасымда аттадым. Мен 01100110 мектептің 1000 - сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
Жауабы: Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырғын 7 жасымда аттадым. Мен 66 мектептің 8 - сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Менің арманым келешекте атақты компьютер маманы болу.
ІІ топ.
2 - тапсырма
1000-сынып оқушысымын.Сыныпта 00010110 оқушы бар. Сынып өте ұйымшыл. Біз 01100110 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
Жауабы: 8-сынып оқушысымын.Сыныпта 16 оқушы бар. Сынып өте ұйымшыл. Біз 66 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
VII.Сергіту сәті:
Жұмбақтың шешімін тап.
1.Батырмасын басасың,
Қажетті файлды ашасың
(тінтуір)
2. Ақпараттарды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады?
( баспа құрылғысы)
3.Төртбұрышты әйнек
Тұнып тұрған әлек.
(монитор)
4.Қабат – қабат қаттама.
Ақылың болса аттама.
(кітап)
VII. Сабақты қорытындылау:
VIІ.Үйге тапсырма: 16 бет. 2.3-тапсырмаларды орындап келу.
VIIІ.Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.