Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ буындары -

Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ буындары

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 9940 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мукушев Жанарбек Елеукенович
Информатика пән мұғалімі

Сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Сынып: 7 «А»
Күні: ___________
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ буындары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есептеуіш техникасының тарихы туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат құралдарына қызығушылығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жеткіншектерді еңбекке баулу, білімді, бәсекеге қабілетті іскер ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізе білуге бағыттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрi: дамытушылық
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ — жауап
Сабақтың көрнекiлiктерi: интерактивті тақта, слайдтар, үлестiрмелi карточкалар және видео
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Кабинет жағдайын, дұрыстығын тексеру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Балалар біз өткен тақырыптарда Информатика пәнінің адам, ақпарат және компьютер тақырыбындағы 1 – ші бөлімін аяқтаған болатынбыз. Енді сол тақырыптарды қайталап жіберейік.
1. Ақпарат дегеніміз не?
2. Адам ақпаратпен не істейді?
3. Адам қандай сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдайды? Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
4. Кодтау дегеніміз не?
5. Компьютер қандай құрал?
6. Операциялық жүйе деген не?
7. Интерфейс дегеніміз не және интерфейстің түрлерін ата?
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Балалар біз бүгін информатика пәнінің компьютердің аппараттық құралдары тақырыбындағы 2 – бөлімін бастаймыз. Біз бүгін осы бөлімнің есептеуіш техниканың даму тарихы және оның даму буындары тақырыбын өткелі отырмыз.
ІV. Жаңа сабақ тақырыпты түсіндіру (видео көрсету)
Адамдар есептеуді жүргізуді есептеу аспаптары мен құрылғылары пайда болмай тұрып бастаған. Ол үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп, заттардың санын жерге сызған сызықшалармен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептеген. Бірақ бұл есептеулер көлемінің артуы есептеу құралдарының пайда болуына себепші болды. Ең бірінші пайда болған есептеу құралы ол есепшот болды. Есепшоттың жасы 2000 – 5000 жылдар шамасында. Пайда болған жері Ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, ежелгі Греция болуы мүмкін. Гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қтайлықтар «суанпан», жапондықтар серобян деп атаған. Есепшотпен есептеулер орналасқан тастарды жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшот Ресейде ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда пайда бола бастаған. ХҮІІ ғасырда Джон Непер логарифм түсінігін енгізді.
1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасап шығарды. Логарифм құралын жасау идеясын 1660 жылы Исаак Ньютон ұсынған.
1642 жылы француз математигі Блез Паскаль дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарды. Ол жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық машина болатын. Онда көп мәнді есептерді қосу мүмкін болды.
1694 жылы неміс математигі Лейбниц механикалық есептеу машинасы арифмометрді құрастырып жасады. Онда дөңгелектердің орнына цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Онда көбейту, бөлу, квадрат түбірін табу амалдарын орындау мүмкін болды. Бірақ арифмометр кейін бірнеше жетілдірілді, бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек еттң. Осы арифмометр қазіргі қолымызда жүрген калькулятордың негізін салды. Есептеуіш автоматтың алғашқы авторы Чарлз Бэббидж болған. Адамдар оны компьютердің атасы деп атайды. 1833 жылы бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Оған дүние жүзі алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс болды. Ол ең бірінші бағдарламалаушы деп саналады.
ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші – перфорациялық машина құрастырды.
1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген МАРК -1 автоматты машинасын құрастырды.
1946 жылы АҚШ – тың Пенсильван университетінде ENIAC (Эниак)деп аталатын бірінші электрондық есептеуіш машина жасалды. Оның салмағы – 30т, 18000 электрондық шамдардан болды. 300 көбейту амалын орындай алды.
1949 жылы американ математигі Джон Фон Нейманның идеясы негізінде EDSAC машинасы құрастырылды.
Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947 – 1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің МЭСМ (малая электронная счетная машина) жасалды. 1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі БЭСМ (большая электронная счетная машина) пайдалануға енгізілді. Ол секундына 10000 амал орындай алатын.
ЭЕМ – нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді.
І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1940-1955). Электронды шамдармен жұмыс істеді есептеу жылдамдығы секундына 10-20 мың операция әр машинаның өз тілі болды операциялық жүйелер болған жоқ енгізу және шығару: перфоленталар,перфокарталар, магнитті таспалар
ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1955-1965). Жартылай өткізгіш элементтер – транзисторлар (1948, Дж. Бардин, У. Брэттейн и У. Шокли) жылдамдығы секундына 10-200 мың операция алғашқы операциялық жүйелер
алғашқы программалау тілдері: Фортран (1957), Алгол (1959) мәліметтерді сақтау құралдары: магниттік барабандар, магниттік дискілер
интегралды микросхемалар (1958, Дж. Килби)
ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1965-1980). Есептеу жылдамдығы секундына 1 млн. операцияға дейін жедел жад – жүздеген мың байт
операциялық жүйелер – жадты,құрылғыларды, процессор уақытын басқару
IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1971- ). үлкен және аса үлкен интегралды схемалардан (ҮИС, АҮИС) тұратын компьютерлер дербес компьютерлер қарапайым пайдаланушылардың пайда болуы, графикалық интерфейстің қажеттілігі әрекет ету жылдамдығы секундына 1 млрд. операциядан жоғары оперативті жад – бірнеше гигабайт көппроцессорлық жүйе компьютерлік желілер мультимедиа мүмкіндіктері (графика, анимация, дыбыс)
V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)
Мақсат – жасанды интеллект қызметін атқаратын суперкомпьютер құрастыру
Жобаның негізгі сипаты: барлық мәліметті логикалық тәсілдермен өңдеу (Пролог тілі) өте үлкен мәліметтер қоры параллель есептеулер мүмкіндігін қолдану бөліп есептеу әдісі компьютермен дауыстап «сөйлесу»
программалық жабдықтарды аппараттық жабдықтарға біртіндеп ауыстыру
V. Сергіту сәті
Жұмбақ жасыру.
1.Үш отау ауылдың шетінде орналасқан. Олар сол ауылды басқарады. 1-ші ауылдың есігін қақсаң, ауыл түгел оранып жатып алады. 2-ші отаудың есігін қақсаң, жайылып, қалпына келеді. 3-ші ауылдың есігін қақсаң, есіктерін тіпті тас қылып жауып алады.
Ол не? Жауабы: терезені жималау, терезені қалпына келтіру, құжатты жабу батырмалары.
2.Оның үш түрі бар. Кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. Ал істеген жұмысының нәтижесін тек қағаз бетінен көруге болады.
Жауабы: Баспа құрылғысы принтер, сия бүріккіш, лазерлік, матрицалық.

Рефлексия (кестені толтыру).
Не үйрендім Не білгім келеді



VІІ. Қорытындылау.
1. Бірінші электронды есептеуіш машина қалай аталды?
Ол қай жылы жасалды?
2. МАРК – 1 машинасы қандай эелементтерден тұрды?
3. ЭЕМ – нің буындары неше буыннан тұрды?
4. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
VІІІ. Бағалау
ІХ. Үйге тапсырма.
2 – бөлімнің 2.1 тақырыбын оқып келу. «ЭЕМ – нің даму тарихы» тақырыбында реферат жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.