.
.
Сабақтың тақырыбы: Фонограф программасы Фонограф программасы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1465 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,
дыбыс жазу мен ойнатуға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Блокнот қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
• Блокнот қолданбасын қалай іске қосамыз?
• Блокнот қолданбасында қріп пішінін, өлшемін, түрін, әлпетін қалай өзгертеміз?
• Блокнот қолданбасында құжаттарды сақтау, ашу әрекеттері қалай орындалады?
• Калькулятор қолданбасының атқаратын қызметі қандай?
• Калькулятордың қандай түрлері бар?
Жаңа түсініктер:
Фонограф программасы
Фонограф – бұл дыбысты жазуға және ойнатуға арналған бағдарлама. Ол компьютерге сөздер мен музыканы енгізетін құрылғысы оның көзі болып табыатын дыбыс сигналдарын өңдейді. Дыбыс енгізу құрылғысы – микрофон.
Іске қосу. – пуск – программы-стандартные-мультимедиа-фонограф.
Оның терезесінде төмендегідей батырмалар бар:
1.Бас жағына өту
2.аяқ жағына өту
3.ойнату
4.тоқтату
5.жазу
Ақпарат WAV кеңейтілуі бар файлға жазылады.
Компакт – дискідегі бағдарламаларды орнату мен іске қосу
Кейінгі кезде компьютерлік бағдарламалар компакт-дискілерде таратылады. Бұл қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелер, ойындар және т.б. болуы мүмкін. Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады, яғни дискіні СД-РОМ-ға қойсақ болды әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Лазерлік ойнатқыш бағдарламасы не үшін қажет?
• Бір уақытта музыка тыңдап, басқа қолданбалармен жұмыс істеуге бола ма?
• Лазерлік ойнатқышты қалай іске қосуға болады?
• Дыбыс қаттылығын реттеу жолдары қандай?
• Дыбыс файлдар құру үшін қандай бағдарламаны қолданамыз?
• Дыбыс енгізу құрылғысы қалай аталады?
Үйге тапсырма: Фонограф программасы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.