Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«FOR қайталау  операторы» -

«FOR қайталау операторы»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 309 | Просмотров: 2229 | Размер: 79.0 Kb | Автор: arai
. Дарынды балаларға арналған
«Зерде» мектебі

Ашық сабақ
«FOR қайталау операторы»
7-сынып

Информатика және ақпараттық технология пәндерінің мұғалімі:
Қасымов Берікжан Сырымұлы

2009-2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: FOR қайталау oператоры

Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларды қайталау операторының жазылу тәртібімен таныстыру. Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа ие болған қайталау операторының қолданылуын айқындап ашып беру. Қызметші сөздердің жазылу ережесін және оны қалай қолдану керектігіне үйрету.
2. Дамытушылық: әртүрлі циклдік есептерді беру арқылы оқушылардың қайталау операторына деген түсініктерін арттыру арқылы білімдерін арттыр. Қайталау операторларының синтаксисін және семантикасын, сонымен қатар оқушыларға есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
3. Тәрбиелік: оқушыларды есеп шығару кезінде есептің шартына байланысты опреатор мен қызметші сөздерді жазуға тәрбиелеу. Қайталау және әзірше опреаторларының арасындағы айырмашылықтарды ажырата алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәтүрлі емес
Сабақтың типі: интегралды сабақ
Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)
Көрнекіліктер: тақта, компьютер, карточкалар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест тапсыру, есеп шығару
Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (2 мин)
2. Өткенді қайталау (8 мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру (12 мин)
4. Компьютерлік тест (15 мин)
5. Пысықтау (10 мин)
6. Үй тапсырмасы (3 мин)
Өткенді қайталау
1. Қанша шартты оператор бар?
2. If және Case операторларының айырмашылығы неде?
3. Таңдау тұрақтыларының типі қандай болу керек?
4. Сase опреаторын қалай жабады?
5. Goto опреаторы неден тұрады?
6. Көрсеткіш типі қандай типтер бола алады?
7. Label қызметші сөзі нен үшін қолданылады және нені білдіреді?
8. While операторының жазылуы түрі және қызметі қандай?
Жаңа сабақты түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрлымды алгоритмдерде – қайталау операторлары қолданылады. Ол әртүрлі заңдылық ереже бойынша құрылады.
FOR – DO циклдік операторы қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Бұл оператор екі түрлі беріледі.
Жазылуы:
1. For <циклдік параметр>:=<алғашқы мән> to <соңғы мән> do <циклдің денесі;
2. FOR <циклдік параметр>:=<соңғы мән> downto <алғашқы мән>do <цикл денесі>.
Мұндағы циклдік параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады. Алғашқы және соңғы мәндер нәтижесі - нақты типтен басқа стандартты жай тип бола алатын өрнектер. Басқару айнымалысының типі, алғашқы және соңғы мәндерінің типтері бірдей болу керек. Олар нақтыдан басқа кез келген жай типті болуы мүмкін. Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор бола алады.


Қайталау саны белгілі циклді оператор жұмысы

Циклдік оператор орындалғанда, бірінші өрнектің мәне есептеліп, FOR-DO (FOR-DOWNTO) операторларында циклдік параметрлерге алдымен алғашқы мәнді меншіктейді. Басқару айнымалысының мәні 1 –ге ((-1)-ге) тең қадаммен бірітіндеп өзгеріп отырады. DO қызметші сөзінен кейінгі цикл денесі басқару параметрлерінің әрбір мәні үшін бір реттен орындалып отырады. Егер басқару айнымалысының алғашқы мәні соғы мәнінен артық (to үшін) немесе кем (downto үшін) болса, онда цикл денесі бір ретте орындалмайды. Параметрлі циклдің жұмысын блок-схемадан анық көруге болады.

Ситаксистік диаграммасы:


Жалпы жазылуы:

for <айнымалы> :=<S1> to <S2> do <оператор>;
for <айнымалы> :=<S1> downto <S2> do <оператор>;

Сызба-нұсқасы:



Есептерге программа құру мысалдары:
№1. қосындыны есептейтін программа құрайық


Program e1;
var i,n,s:integer;
begin
read(n);
s:=0;
for i:=1 to n do
{for i:=1 downto n do}
s:=s+i;
write('s=',s);
end.


Ескерту:
• FOR циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін ; нүктелі үтір қойылмайды;
• WHILE операторының программада жұмысын толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті түрде циклдің орындалуына қойылған шартқа байланысты ереже болуы тиісті;
Жаңа сабақты пысықтау
1.Оқушылардан компьютерде есептер шығарады.

2.Оқушылардан компьютерде тест алу.
Үйге тапсырма: 103 бет, №12, №13
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.