.
.
Сабақтың тақырыбы: FOR қайталау oператоры FOR қайталау oператоры
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1844 | Размер: | Автор: гостьСабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларды қайталау операторының жазылу тәртібімен таныстыру. Циклдік алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа ие болған қайталау операторының қолданылуын айқындап ашып беру. Қызметші сөздердің жазылу ережесін және оны қалай қолдану керектігіне үйрету.
2. Дамытушылық: әртүрлі циклдік есептерді беру арқылы оқушылардың қайталау операторына деген түсініктерін арттыру арқылы білімдерін арттыр. Қайталау операторларының синтаксисін және семантикасын, сонымен қатар оқушыларға есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
3. Тәрбиелік: оқушыларды есеп шығару кезінде есептің шартына байланысты опреатор мен қызметші сөздерді жазуға тәрбиелеу. Қайталау және әзірше опреаторларының арасындағы айырмашылықтарды ажырата алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: интегралды сабақ
Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)
Көрнекіліктер: тақта, компьютер, карточкалар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест тапсыру, есеп шығару
Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (2 мин)
2. Өткенді қайталау (8 мин)
3. Жаңа сабақты түсіндіру (12 мин)
Көп жағдайда аргументтердің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдік құрлымды алгоритмдерде – қайталау операторлары қолданылады. Ол әртүрлі заңдылық ереже бойынша құрылады.
FOR – DO циклдік операторы қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады. Бұл оператор екі түрлі беріледі.
Жазылуы:
1. For <циклдік параметр>:=<алғашқы мән> to <соңғы мән> do <циклдің денесі;
2. FOR <циклдік параметр>:=<соңғы мән> downto <алғашқы мән>do <цикл денесі>.
Мұндағы циклдік параметр кейде басқару айнымалысы деп аталады. Алғашқы және соңғы мәндер нәтижесі - нақты типтен басқа стандартты жай тип бола алатын өрнектер. Басқару айнымалысының типі, алғашқы және соңғы мәндерінің типтері бірдей болу керек. Олар нақтыдан басқа кез келген жай типті болуы мүмкін. Цикл денесі жай немесе құрмалас оператор бола алады.
Қайталау саны белгілі циклді оператор жұмысы
Циклдік оператор орындалғанда, бірінші өрнектің мәне есептеліп, FOR-DO (FOR-DOWNTO) операторларында циклдік параметрлерге алдымен алғашқы мәнді меншіктейді. Басқару айнымалысының мәні 1 –ге ((-1)-ге) тең қадаммен бірітіндеп өзгеріп отырады. DO қызметші сөзінен кейінгі цикл денесі басқару параметрлерінің әрбір мәні үшін бір реттен орындалып отырады. Егер басқару айнымалысының алғашқы мәні соғы мәнінен артық (to үшін) немесе кем (downto үшін) болса, онда цикл денесі бір ретте орындалмайды. Параметрлі циклдің жұмысын блок-схемадан анық көруге болады.
Ситаксистік диаграммасы:
Жалпы жазылуы:
for <айнымалы> :=<S1> to <S2> do <оператор>;
for <айнымалы> :=<S1> downto <S2> do <оператор>;
Сызба-нұсқасы:
Есептерге программа құру мысалдары:
№1. қосындыны есептейтін программа құрайық
Program e1;
var i,n,s:integer;
begin
read(n);
s:=0;
for i:=1 to n do
{for i:=1 downto n do}
s:=s+i;
write('s=',s);
end.
Ескерту:
• FOR циклдік операторындағы DO түйінді сөзінен кейін ; нүктелі үтір қойылмайды;
• WHILE операторының программада жұмысын толық аяқтау үшін, цикл денесінде міндетті түрде циклдің орындалуына қойылған шартқа байланысты ереже болуы тиісті;
4. Жаңа тақырып бойынша білім дерін тексеру (15 мин)
№1 Т.Қ.
N! – ды есептеуге программа құрыңдар.
№2 Т.Қ.
Берілген сандарды таблица түрінде енгізіңдер
3 3 3
3 3 3
3 3 3
№3 Т.Қ.
Берілген сандарды таблица түрінде енгізіңдер.
3
3 3
3 3 3
№4 Т.Қ.
Берілген сандарды таблица түрінде енгізіңдер.
3
3 3
3 3 3
№5 Т.Қ.
1- ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табыңдар.
S= 1+2+…+100= ∑i
1. Сабақты бекіту (10 мин)
1. For циклды қай кезде қолданған ыңғайлы?
a. Қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда;
b. Қайталау саны нақты белгілі болған жағдайда;
c. Қайталау ссаны белгісіз болған жағдайда;
d. Қайталау шарты болмаған жағдайда;
2. Дұрыс жазылған программа тақырыбын көрсетіндер:
a. Program 1_Reshenie;
b. Program Reshenie-1;
c. Program Reshenie1;
d. Program Reshenie 1;
3. Дұрыс жазылған операторды көрсетіндер:
a. Writeln (‘Введите числа через пробел’);
b. Real (‘a,b’);
c. Writeln (Сумма двух чисел равна, Summa);
d. 3*sqr(x):=A;
4. х= 8 болғандағы программаның нәтижесі
If x = 0 then y := x else y := x+10;
a. 18
b. 10
c. 8
d. 0
5. Программада қолданылатын айнымалылар қай жерде сипатталады?
a. Программа тақырыбы Program сөзінен кейін;
b. Uses сөзінен кейін;
c. Айнымалыларды сипаттайтын Var өзінен кейін;
d. Программа денесі begin және end сөздерінің арасында;
6. Қандай оператор ақпаратты экранға шығарады?
a. Write(‘ ’) , writeln(‘ ’)
b. Writ( ), writln( )
c. Read( ), readln( )
d. Rid(‘ ’), ridln(‘ ’)
7. Меншіктеу операторын көрсетіндер:
a. Real
b. Read
c. :=
d. Writeln
6. Бағалау
7. Үй тапсырмасы (3 мин)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.