.
.
Сабақтың тақырыбы: Frame, Option Button, CheckBox компоненттері Frame, Option Button, CheckBox компоненттері
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1930 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Пайдаланған әдебиеттер: Н.Т.Ермеков, Н.Ф.Стифутина 7-8 класс оқулықтары, Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова 10-11 сынып оқулығы, Балапанов «Информатикадан 30 сабақ информатика негіздері журналдары. Ж.Динисламов «Visual Basic ортасы»
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Үй тапсырмасын сұрау мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Visual Basic ортасы дегеніміз не?
2. Форма дегеніміз не?
3. Проект терезесі дегеніміз не?
4. Макет терезесі дегеніміз не?
5. Қасиеттер терезесін қалай шығарамыз?
6. Бас мәзірлер қатарын ата.
7. TextBox компоненттерін түсіндір
8. OptionButton компоненті дегеніміз не?
9. label компоненті дегеніміз не?
Жаңа сабақ:
Option Button компоненті (ауыстырғыш) компоненті жанындағы ауыстырғышты орнату арқылы пайдаланушы ұсынылған мәлеметтер топтамасы ішінен тек бір вариантты ғана таңдауына мүмкіндік ьереді. Негізгі оқиғасы Click Қосымша орындалғанда формада бір ғана ауыстырғыш қосылып тұрады. Бұл формаға бірнеше ауыстырғыштар тобын орналастыған жағдайларда қиындықтар туғызады. Сондықтан көбінесе ауыстырғыштарды олардың атқаратын функцияларына байланысты бірнеше топқа бөліп, әр топты бөлек бөлек Frame компонентінің ішіне орналастырады. Сол кезде формадағы Frame компонентінің ішінде орналасу ауыстырғыштар тобының біреуі іске қосылып тұрады.
Option Button компонентінің негізгі қасиеттері:
Caption – қасиетіне ауыстырғыштардың не үшін қызмет атқаратыны жазылады.
Style – ауыстырғыштың түрін өзгерту
0 – режимінде ауыстырғыш кәдімгі түрінде
І – режимде ауыстырғыш түрі ьатырма секілді өзгереді.
Value – формада немесе қосымша орындалғанда ауыстырғыштың іске қосылуын орнату, егер бір ауыстырғыштың мәніні True орнатылса, онда алдында іске қосылып тұрған басқа ауыстырғыштың мәні False. Қосымша орныдалып жатқанда ауыстырғыштың іске қосылуын тышқан құрылғысының батырмасын басу арқылы орнатылады. Сондықтан Value мәнінің өзгеруі Click оқиғасы арқылы анықталады.
CheckBox компоненті (жалауша) компоненті пайдаланушыға ұсынылатын программалар ішінен бір немесе бірнеше вариант таңдауына мүмкіндік береді. Бұл объектінің негізгі қасиеттері ауыстырғыш қасиеттерімен бірдей келеді. Айырмашылығы Value қасиетінің мәндері:
0 – Unchecked – объектінің жалауша орнатылмаған күйі
1 – Checked – объектінің жалауша орнатылған күйі
2 – Grayed – объектінің белгісіз күйі, орнатылған жалауша көмескі болып көрінедіі
Сондай-ақ формада жалаушаларды ауыстырғыш объектілері секілді Style қасиетінің мәнін өзгерту арқылы батырма ретінде пайдалануға болады және процедураларында объектілердің жалаушалардың орнатылу – орнатылмауына байланысты программа құрылады.
CheckBox компоненті (жалауша)
Frame компоненті (ЖАҚТАУ)
батырмасымен жасалады. Жақтау элементтерді пішінде визуальды топтау үшін қолданылады. Жақтау ішінде неше түрлі басқару элементтері: мәтіндік өрістер, суреттер, жалаушалар, ауыстырып қосқыштар және т.б. орналасуы мүмкін. Frame элементінің ішінде орналасқан ауыстырып қосқыштар басқа орналасуы мүмкін. Frame элементінің ішінде орналасқан ауыстырып қосқыштардан ерекшеленіп, бір топ болып саналады. Басқару элементін жақтау ішіне екі әдіспен орналастыруға болады:
• жаңа басқару элементін тікелей жақтау ішінде жасау;
• элементті ерекшелеп оны алмасу буферіне ойып салу. Сосын жақтауды ерекшелеп, алмасу буферімен кірістірме жасау.
Үйге тапсырма:
Frame, Option Button, CheckBox компоненттері
Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.