.
.
Түркістан қалалық білім бөлімі Глобал компьютер желісі. Internet.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1930 | Размер: | Автор: Нартай4540Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназия
Білім берудегі акме әрекеттер: ізденістер мен тәжірибелер
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Глобал компьютер желісі. Internet»
Информатика пәні оқытушысы:
Марайм Хабибулла Абдісаматұлы
Түркістан-2010
Сабақтың тақырыбы: Глобал компьютер желісі. Internet.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Глобал компьютер желісі жайлы оқушыларға теориялық білім беру. Internet ұғымына түсінік бере отырып, оған қалай қосылу керек, қандай мүмкіндіктері бар, веб-бет, домен және сайттар атауларын ұғындыру.
Дамытушылық: Ауызша және жазбаша жаттығулар, үлестірмелі қағаздар, сабақта пайдаланатын әр түрлі ойындар арқылы оқушы ойын дамыту, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сабақта пайдаланылатын үлестірмелі тапсырмалар арқылы оқушыларды елін сүюге, ізденімпаздыққа, ізгілікке баулу, ғылым - білімді меңгерген, көкрегі ояу азаматтарды тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны: «Білімді, сауатты адамдар – бұл адамзат
дамуының негізгі күші».
Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, түсіндіру және сұрақ жауап әдістері.
Сабақтың түрі: Танымдық ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактив тақта, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты түгелдеу, оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ кезең. «Қайталау - білім анасы» кезеңі бойынша өткен тақырыптарды тест тапсырмалары арқылы қайталау.
Тест тапсырмалары:
1. Электрондық кестелер негізінде экономикалық есептерді шешуге негізделген бағдарлама
a. Microsoft Excel бағдарламасы
b. Microsoft Word бағдарламасы
c. Microsoft Power Рoint бағдарламасы
d. Microsoft publisher бағдарламасы
e. Microsoft Access бағдарламасы
2. Microsoft Word бағдарламасында жаратылған файлға кез-келген ат және . . . кеңейтпесі беріледі?
a. *.exe
b. *.xls
c. *.txt
d. *.ppt
e. *.doc
3. Аймақтық жайылым бойынша компьютерлік желі түрлерін атаңыз
a. Жергілікті, сырттай, глобал
b. Дискретті, локал, сырттай
c. Локал, регионал, глобал
d. Локал, сырттай, регионал
e. Үздіксіз, дискретті, глбал
4. Бір-біріне жақын орналасқан ғимараттар, бір ғимарат ішіндегі бөлмелердегі және бір бөлме ішінде орналасқан компьютерлер арасындағы байланыс түрі
a. Глобал желі
b. Локал желі
c. Регионал желі
d. Дискретті желі
e. Үздіксіз желі
5. Бір аймақта орналасқан қалалар, аудандар компьютерлері арасындағы байланыс түрі
a. Глобал желі
b. Локал желі
c. Регионал желі
d. Дискретті желі
e. Үздіксіз желі
6. Бүкіл дүние жүзілік компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын желі түрі
a. Глобал желі
b. Локал желі
c. Регионал желі
d. Дискретті желі
e. Үздіксіз желі
7. Алгоритм түрлерін көрсетіңіз
a. Сызықтық, тармақталушы, циклдік
b. Дискретті, үздіксіз, шартты
c. Шартты, шартсыз, дискретті
d. Сызықтық, дискретті, үздіксіз
e. Үздіксіз, шартты, шартсыз
8. Pascal бағдарламалау тілінді айнымалыларды еңгізу операторын көрсетіңіз
a. INPUT
b. Write, writeln
c. var
d. begin
e. Read, readln
9. Pascal бағдарламалау тілінде циклдік операторды көрсетіңіз
a. If - Then
b. For - To
c. begin, end
d. Case of
e. write, writeln
10. Pascal бағдарламалау тілінде экранды график режимге өткізу операторы
a. readln
b. writeln
c. initgraph
d. closegraph
e. Uses graph
11. Компьютерлік желі топологияларын көрсетіңіз
a. Локал, глобал, регионал
b. Локал, глобал, дискретті
c. Үздіксіз, дискретті, аймақтық
d. Локал, аймақтық, шиналық
e. Шиналық, жұлдызды, шеңберлі
12. Модель түрлерін көрсетіңіз
a. Дискретті, сызықты, тармақталған
b. Оқу, тәжірибелік , ғылыми-техник, ойын, имитацион
c. Локал, глобал, регионал
d. Циклик, сызықтық, тармақталған
e. Шиналық, жұлдызды, шеңберлі
ІІІ кезең. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақтағы кілт сөз арқылы жаңа тақырыпты баяндау.
1. Ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі
2. Мәтіндік және сызбалық ақпараттарды шығаруға арналған құрылғы
3. ... – қоршаған ортамен ондағы болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер
4. Мәтіндік және сызбалық ақпараттардың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы.
5. Компьютерлік ... дегеніміз - әдетте шағын өлшемді «көбею» және басқа программаларды «зақымдау» қабілеті бар арнайы компьютерлік программа.
6. Қатты дискінің басқаша аталуы.
7. Бір уақыттың өзінде видео, анимация, дауыс, графика және мәтінді қолдануғы мүмкіндік беруші компьютер технологиясы.
8. Есептеуіш техникасы арқылы ақпараттарды жарату, сақтау, қайта өңдеу және ұзату тәсілдерін үйретуші техник пән.
IV кезең. «Білген сайын келеді, біле бергім» кезеңі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Internet – сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мұмкіндіктер ұсынады. Internet мүмкіндіктері төмендегідей:
Web беттерінен және ftp серверлерінен керекті мәліметтерді іздеу;
Электрон почта, жаңалықтар тақтасы, чат-серверлер, ICQ, mailagent және аудио-видеоконференциялар сияқты байланыс құралдарынан пайдалану;
Жұмыс іздеу, қызмет ұсыну және т.б.
Интенетке қосылу үшін не керек?
Компьютер
Модем
Телефон жүйесі
Бағдарламалық қамтылу
Провайдер
Модем - компьютерлерге телефон желілері немесе байланыс желілері арқылы өзара мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы – мәліметтерді жеткізу жылдамдығы (бит/секунд). Недәуір кең тарағандары – стандартты Dial-Up модемдер (56 кбит/сек дейін), DSL модемдер (128 кбит/сек дейін) және кабельдік жолдарға арналған модемдер (30 мың кбит/сек дейін). Модемдер ішкі және сыртқы болады.
Провайдер – бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға интернет қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы фирма-лар да, ірі телефон компаниялар да қызмет істей алады.
Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау.
Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows операцион системасының құрамына Internet Explorer браузері кіреді. Веб-беттер мәтіндік, графикалық, дыбыстық, анимациялық және видео түріндегі мәліметтерді көруге мүмкіндік береді.
Internet Explorer браузерінің көрінісі төмендегідей. Ондағы стандартты құрал-саймандар келесі қызметтерді атқарады:
- артқа қайту (Веб сайттың алдыңғы бөліміне өту)
- алға жүру (Веб сайттың кейінгі бөліміне өту)
- Веб сайтты көруді тоқтату
- Веб сайтты көруды жалғастыру немесе қайта жүктеу
- Браузерде қолданушы тарапынан орнатылған басты сайтқа өту
- Сайт бойынша керек құжжаттарды іздеу
- Пайдаланушы тарапынан таңдалған веб сайттар тізімі
- Пайдаланылған файлдар және URL ларды сақтау орыны
World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады.
Мысалы http://www.daryn.kz/
Мұндағы, URL (Universal Resource Locator) - ресурстардың әмбебап адресi; HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – гипермәтіндi мәлiметтердi алмасу протоколы; www (World Wide Web) – бүкіләлемдік тор, әдетте веб деп аталады, интернет жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады; Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы; daryn - сайт атауы; kz (домен) –географик орналасуы.
Сонымен қатар жоғары дәрежедегі доментердің кейбір атауларын төмендегі кестеден көруге болады.
Ұйымдық тиістілігі бой. Мекеме түрі Географик Аймақтық белгісі бойынша
com Коммерциялық ca Канада
edu Білім беру мекемесі de Германия
gov Үкіметтік jp Япония
int Халықаралық ru Россия
mil Әскери kz Қазақстан
net Компьютерлік желі uz Узбекистан
org Коммерциялық емес us США
Төмендегі кестеде кейбір пайдалы интернет сайттары көрсетілген.
daryn.kz Қазақстан Республикасы “Дарынды балалар” бірлестігінің ресми сайты
edu.gov.kz Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
akorda.kz Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің ресми сайты
google.kz Google ақпараттық – іздеу порталының сайты
khabar.kz Қазақстан Республикасы «Хабар» телеарнасының ресми сайты
kcell.kz Қазақстан Республикасының “Kcell” қалта телефон байланысының ресми сайты
mail.ru Ресей Федерациясының тегін электрон пошта қызметі
rambler.ru Ресей Федерациясының Rambler ақпараттық-іздеу порталының сайты
bankreferatov.ru Студенттер және оқушыларғы арналған дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының Ресей Федерациясына тиісті қор көзі
kazref.kz Студенттер және оқушыларғы арналған қазақша дайын рефераттар, курстық жобалар және дипломдық жұмыстарының қор көзі
V кезең. «Білім шыңы» ойыны. Бұл ойында біз берілген сұраұтарға жауап бере отырып аю мен құлтырауынға «білім шыңы» на шығуына көмектесеміз. Ойындағы сұрақтарды таңдаумен бірге, оқушылар өздеріне берілетін үлестірмелі қағаз нөмірін таңдайды. Сол нөмірдегі үлестірмелі қағазды алып, тапсырманы орындайды. Сұрақтар деңгей бойынша берілген. Алдымен сабаққа нашар қатысып отырған оқушылар шығады. Соңынан белсенді оқушылар өз деңгейлеріндегі сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Глобал компьютер желісін атаңыз.
2. Internet сөзінің мағынасын айтыңыз.
3. Веб-беттерін көру бағдарламасы.
4. Интернетке қосылу үшін не қажет?
5. Модем қандай құрылғы?
6. Модемнің қандай түрлері бар?
7. Провайдер дегеніміз не?
8. Dial-Up модем мен DSL модем айырмашылығын айтыңыз.
9. www –ға түсініктеме беріңіз.
10. HTTP –ға түсініктеме беріңіз.
11. URL –ға түсініктеме беріңіз.
12. Домендерге түсініктеме беріңіз.
Тапсырманы орындап болған оқушылар келесі кезең, топтастыру стратегиясы ережесін орындайды. Яғни интернеттің мүмкіндіктерін интерактив тақтаға жазып шығады.
VI кезең. «Топтастыру стратегиясы».
VII кезең. Сабақты пысықтау. Сабақ барысында сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларға бағлау парақшасына (кестеге) кезеңдер бойынша баға қойылып отырылады. Сабақ соңында сол парақшы тақтада көрсетіліп, бағалар мониторингі шығарылады.
Үй тапсырмасы: Интернеттен пайдалану арқылы глобал компьютер желісі жайлы мәліметтер тауып оқып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.