.
.
Бекітемін: 26. 01. 2009 ж Графикалық редактор PAINT: Үзінділерге амалдар қолдану
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 251 | Просмотров: 1502 | Размер: 88.0 Kb | Автор: ТәрбиеСыныбы: 7 «ә»
Пән: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор PAINT:
Үзінділерге амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Үзінді, суретті форматтау қызметін
меңгерту
2) Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын
орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін
дамыту
3) Тәрбиелілік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру,
нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге
дағдыландыру
Сабақтың типі: Аралас
Түрі: теориялық – практикалық
Пәнаралық байланыс: Геометрия, бейнелеу өнері.
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме – көрнекі, ізденіп, проблемалық, зерттеушілік.
Оқыту формалары: жеке, ұжымдық
Жабдықтау: көрнек материал (слайд, дайын суреттер), оқу
құралдары, проектор, компьютер.
І Көкейкестілігі:
а) негізгі ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең бағыттары.
ә) Оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:
Компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту
б) Бақылау формалары:
Сұрақ – жауап, Суретте неше элемент бар? Қандай жолмен жасалған?
ІІ Жаңа түсініктер мен іс - әрекеттер тәсілін қалыптастыру.
а) Жаңа ұғымдар:
Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, кірістіру, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық өлшем, пайыз, тік, көлденең орналастыру бағыттары.
ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру:
Үзіндіге анықтама беру, белгілеу, жылжыту, көшіру, қою, бұру, созу, баспаға басу командаларының орындалу жолымен таныстыру.
б) Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
- Көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің айырмашылығы
- дайын суреттер арқылы бұру бұрышын, пайыз өлшемін анықтау
ІІІ Жаңа түсінікті тексеру.
Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.
ІҮ Қолдану.
а) Қалыптастырылатын білім – біліктілер:
Үзіндіні белгілеп алуды, көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу, баспаға басу командаларын пайдалана білі\у білім дағдысын қалыптастыру.
б) Кері байланыс алу:
Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесін бақылау. (сұрақ – жауап арқылы).
в) Өзіндік жұмыс типтері:
Ү Үй тапсырмалары:
- орындалмаған үй тапсырмаларын орындау;
- Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу;
- Қағазға және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу
Рисунок 1.Қамар 7 ә сынып оқушысы
Рисунк2. 7 сынып оқушысы Оңғарбекова Ақбота
ҮІ Сабақты қорытындылау:
Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.
№107 орта мектеп
2009 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.