.
.
Тақырып: Графиктiк ереже. Графиктiк ереже.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1440 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың Паскаль тілінінің графиктік режимімен таныстыру және графикалық объектілердің экранда орналасу ережесін ұғындыру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушылардың Паскаль тіліндегі графиктік режим туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақ игеру
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Жаңа тақырыпқа кіріспе.(3-5мин)
1. Паскаль тілінде қанша циклдік операторлар бар?
2. Параметрлі цикл операторы дегеніміз не?
3. Алдын ала шарт тексеретін цикл дегеніміз не?
4. Қабатталған цикл дегеніміз не?
5. Таңдау операторы дегеніміз не?
3)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Қазіргі компьютерлерде символдардан бөлек әр түрлі суреттер, графиктер салуға болады. Ол үшін Паскаль тілінде әр түрлі графикалық процедуралар пайдаланылады. Графикалық процедуралар мен функциялар GRAPH модулінде орналастырылған. Оларды пайдалану үшін сипаттау бөлігінде
USES GRAPH;
түйінді сөзін пайдалану керек.
Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату керек. Паскальда алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режимнің бірінде жұмыс істей алады. Драйверлер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.
GRAPH модулі іске қосылысымен, оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.
Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылдаы, оның жазылуы:
InitGraph (DriverVar, ModeVar:integer, Gol:string);
Мұндағы DriverVar – графикалық адаптердің типі; ModeVar – оның жұмыс режимі; Gol – GRAPH модулінің маршрутын көрсетеді.
Программаның бас жағына мынадай жолдар жаза аламыз:
Uses graph;
Var
d, m: integer;
begin
d:=detect;
initgraph(d,m,’’);
Сергіту жаттығулары (2 мин)
4) Жаңа тақырыпты бекіту (20-25 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Экранның мәтіндік режимінен графикалық режімге қалай көшуге болады? Графикалық экраннан қалай шығады?
2. Экранда сызық салатын қандай процедуралар бар? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
3. Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
Тапсырма №1
Программа нәтижесінде әр түрлі стильмен сызылған 2 төртбұрыш экранда пайда болатын программа құру.
Program tortbyrish;
Uses graph;
Var d,m:integer;
Begin
D:=detect; initgraph(d,m,’’);
Setbkcolor(1);
Rectangle(150,150,300,320);
Setfillstyle(8,6);
Floodfill(160,200,15);
Setfillstyle(1,3);
Bar(350,150,500,320);
Readln;
Closegraph;
End.
5)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларды графиктік режиммен таныстыру. Ол туралы жалпы мағлұмат беру.
6) Үйге тапсырма
Графиктік объектілерді программалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.