Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Графиктiк объектiнi программалау. -

Графиктiк объектiнi программалау.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3000 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Графиктiк объектiнi программалау.
Мақсат: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік объектілерді программалауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Паскаль тіліндегі графиктік режимде программалауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс мақсатта пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Графиктер маңына мәтін жазуды жүзеге асыратын қандай процедураларды білесіңдер?
2) Экранда пайдаланатын түстер қалай аталады, олардың нөмірлері қандай?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Графикалық режимді алғашқы рет іске қосу үшін InitGraph процедурасы қолданылдаы, оның жазылуы:
InitGraph (DriverVar, ModeVar:integer, Gol:string);
Мұндағы DriverVar – графикалық адаптердің типі; ModeVar – оның жұмыс режимі; Gol – GRAPH модулінің маршрутын көрсетеді.
Программаның бас жағына мынадай жолдар жаза аламыз:
Uses graph;
Var
d, m: integer;
begin
d:=detect;
initgraph(d,m,’’);
Графикалық процедуралар мен функциялар GRAPH модулінде орналастырылған. Оларды пайдалану үшін сипаттау бөлігінде
USES GRAPH; түйінді сөзін пайдалану керек.
Графиктермен жұмыс істеу алдында оған сәйкес келетін монитор режимін орнату керек. Паскальда алдын ала бекітілген драйверлер саны бар, олардың әрқайсысы үш түрлі режимнің бірінде жұмыс істей алады. Драйверлер типі мен оның режимі санмен немесе тұрақты түрінде беріледі.
GRAPH модулі іске қосылысымен, оның ішіндегі процедуралар мен функцияларды пайдалана беруге болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Экранның мәтіндік режимінен графикалық режімге қалай көшуге болады? Графикалық экраннан қалай шығады?
2. Экранда сызық салатын қандай процедуралар бар? Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
3. Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
4. Тұйық фигуралар ішін бояйтын процедураларды атап көрсетіңдер?
5. Графиктер маңына мәтін жазуды жүзеге асыратын қандай процедураларды білесіңдер?
6. Экранда пайдаланатын түстер қалай аталады, олардың нөмірлері қандай?
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Экран ортасына және төрт бұрышына бес сақина тәрізді сурет салыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

Тапсырма №2.)
Жұмыс дәптеріңе орында.
Экран бетіне үй салыңдар.
Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға графиктік объектілерді программалауды үйрету.

7) Үйге тапсырма
Графиктік объектілерді программалау. Графикалық процедуралар мен функциялар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.