.
.
Тақырып: Графиктiк редактор. Графиктiк редактор.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1449 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсат: Оқушылардың Паскаль графиктік редакторымен таныстыру және онымен жұмыс жасауды үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды Паскаль тіліндегі графиктік режимде программалауды үйрету.
Дамытушылық –Оқушылардың программалау тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс мақсатта пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1) Геометриялық фигуралар сызуға арналған қандай процедуралар бар?
2) Тұйық фигуралар ішін бояйтын процедураларды атап көрсетіңдер?
3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Сызық салу кезінде оның түсі алдыңғы орнатылған түспен беріледі, оны өзгерту үшін:
SetColor(color:word); - процедурасы қолданылады, мұндағы color – жаңадан орнатылатын түрінің аты немесе нөмірі. Мысалы, SetColor(7); - сызық түсі боз болады.
SetВкColor(color:word); - процедурасы экран түсін, яғни рең түсін өзгертеді, мұндағы color – жаңадан орнатылатын түрінің аты немесе нөмірі. Мысалы, SetВкColor(4); - экран түсі қызыл болады.
Rectangle (x1,y1,x2,y2:integer); - сол жақ жоғарғы (х1,у1) және оң жақ төменгі төбелерінің координаталары (х2,у2) бойынша төртбұрыш сызады.
Bar (x1,y1,x2,y2:integer); - мұнда ағымдағы түспен іші боялған тіктөртбұрыш сызылады. Бояу түсін SetFillStyle процедурасы көмегімен енгізуге болады.
SetFillStyle (Patter,color:word); - объектінің ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін өзгертеді, мұндағы Pattern – толтыру стилі, ол тұрақты немесе нөмір арқылы беріледі; color – толтыру стилі.
Floodfill(x,y:integer; bor:word); - таңдалған стиль бойынша тұйық фигураның ішін бояйды. Мұндағы x,y – фигураның ішінде жатқан кез келген нүктенің координатасы, bor – шекара сызығының түсі.
Circle(x,y:integer;r:word); - шеңбер сызу процедурасы, мұндағы x,y – центрдің координатасы, r – пиксель арқылы берілген шеңбердің радиусы.
Ellipse (x,y:integer; b1,b2,rx,ry); - эллипс доғасын сызады, мұндағы x,y – центр координаталары, b1,b2 – алғашқы және соңғы доғаның бұрыштары, rx, ry – эллипстың жатық және тік радиустары.
FillEllipse(x,y:integer; xr,yr:word); - іші боялған эллипс сызу, мұндағы x,y – центрдің координаталары, xr,xy –эллипстің жарты осьтері.
Outtext(text:string); - процедурасы арқылы берілген орнынан бастап экранға мәтін жолын шығаруға болады.
Outtextxy(x,y:integer;tex:string); процедурасы. Мұндағы x,y – мәтін жазылатын жолдың алғашқы басталатын орнының координаталары, tex – мәтін, ол апостроф ішіне жазылады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Графиктер маңына мәтін жазуды жүзеге асыратын қандай процедураларды білесіңдер?
2. Экранда пайдаланатын түстер қалай аталады, олардың нөмірлері қандай?
Тапсырма №1.
Жұмыс дәптеріңе орында.
Экран бетіне іштері әр түрлі түспен боялған, бөлек орналасқан үшбұрыш, төртбұрыш эллипс, шеңбер салыңдар. Әр фигураның астына фигура атын енгізіңдер. Компьютерде орындап, нәтижесін көрсет.
6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға графиктік редактор туралы жалпы мағлұмат беру және графиктік объектілерді программалауды үйрету.
7) Үйге тапсырма
Графиктік редактор.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.