Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
І тоқсандағы тест жұмысы -

І тоқсандағы тест жұмысы

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2059 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: І тоқсандағы тест жұмысы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың өткен сабақтар бойынша білімдерін тест арқылы тексеру,
тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3. Программалық құралдар ұғымына не енеді?
4. Мәліметтер дегеніміз не?
5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Тест сұрақтары
1. «Информация» термині . . .
А) гректің «informatio» сөзінен шыққан мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;
Ә) француздық «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;
Б) латынның «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді .*
2. Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән . . .
А) информатика;*
Ә) информатиция;
Б) кибернетика;
3. Бір байт неден тұрады . . .
А) 8 биттен;*
Ә) 4 биттен;
Б) 16 биттен;
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
А) ақпараттық процесстерді компьютер деп атаймыз;
Ә) телекоммуникациялық технология;
Б) ақпаратты сақтау, өңдеу, беру процесін АП деп атаймыз;*
5. Адам ақпаратты қандай түрде қабылдайды?
А) 2 түрде қабылдайды бейнелі, таңдалы;*
Ә) 2 түрде сигнал арқылы таңба арқылы;
Б) 2 түрде бейнелі, алфавит арқылы;
6. Бит дегеніміз?
А) ақпараттық процесс;
Ә) ақпараттық ең үлкен өлшем бірлігі;
Б) екілік алфавит 0 және 1;*
7. Байт дегеніміз не?
А) ақпараттық процесс;
Ә) екілік алфавит 0 және 1;
Б) 8 биттен тұратын код;*
7. Морзе әліппесінде қанша символ бар?
А) 2;*
Ә) 128;
Б) 4;
8. Сигнал дегеніміз не?
А) ақпараттық процесс;
Ә) ақпарат тасушы;*
Б) екілік алфавит 0 және 1;
9. Компьютер дегеніміз не?
А) ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну;
Ә) ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал;*
Б) ақпараттық процесстерді компьютер деп атаймыз.
10. Информатика пәні нені зерттейді?
А) ақпараттық процесстерді;*
Ә) компьютерді;
Б) мониторды.
11. Операциялық жүйе дегеніміз не?
А) компьютердің жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі;*
Ә) компьютердің миы;
Б) компьютердің тілі.
12. Файл дегеніміз не?
А) бір типтегі байттар тізбегі;*
Ә) бір типтегі биттер тізбегі;
Б) нақты бір файлды көрсететін арнайы белгіше.
13. Код дегеніміз не?
А) бір белгілі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі;*
Ә) бір типтегі биттер тізбегі;
Б) ақпаратты кері кодтауды код деп атаймыз.
14. Дербес компьютер дегеніміз не?
А) көп адамдарға арналған компьютер;
Ә) бір адамға арналған компьютер;*
Б) ең қуатты компьютерлер.
15. Жүйелік блок дегеніміз не?
А) компьютердің миы;*
Ә) ақпаратты енгізуге арналған құрылғы;
Б) компьютердің тілі.
16. Жапондықтар есепшотты не деп атаған?
А) серобян;*
Ә) абак;
Б) суан-пан.
17. Компьютердің атасы кім?
А) Блез Паскаль;
Ә) Лейбниц Паскаль;
Б) Чарлз Бэббидж.*
18. «Марк -1» машинасы қандай элементтерден жасалған?
А) электрондық лампалардан;
Ә) релелік және механикалық элементтерден;*
Б) перфокарталардан.
19. Дүние жүзі бойынша бірінші программист:
А) Блез Паскаль;
Ә) Ада Лавлейс;
Б) Чарлз Бэббидж.
20. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
А) бірінші буынға;
Ә) үшінші буынға;
Б) төртінші буынға.

V Үйге тапсырма беру

VІ Білімін бағалау кезеңі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.