.
.
Информатик 2014 (сайыс) Информатикa 2014.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1312 | Размер: | Автор: araiСабақтың тақырыбы: Информатик 2014
Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату.
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.
Қатысушылар:7, 8, 9 сынып оқушылары.
Жүргізуші: 10 сынып оқушысы
Әділқазылар мүшелері: Математика, физика пән мұғалімдерінен құралған мүше.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «2014 жыл - информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Әр сыныптан бір оқушыдан қатысады. (Ойыншылар өздерін таныстырады.)
7 а сыныбынан: Бейсембекова Жансая
8 а сыныбынан:Бекешов Руслан
9 а сыныбынан: Мұқан Меруерт
Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу
1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Полиглот»
3-тур. «Ғажайып алаң»
4-тур. «Қиял әлемі»
5-тур. «Жорға»
1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.
(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)
1. Аталған байттар тізбегі? (файл, байт, диск)
2. Windows - пен жұмыс істей алатындардың барлығы? (объект, экран, интерфейс)
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (принтер, сканер, модем)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі? (Паскаль, программа. интерфейс)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (25, 125, 256)
6. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (тышқан, пернетақта, микрофон)
7.Компьютердің ақыл – ойы? (Монитор, процессор, камера)
8. Мәтін дегеніміз не? (Есептер, Кестелер, Жолдар тізбегі)
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Архивтеу, антивирус, оперативті программа)
10. Меңзердің алдындағы символды кетіретін перне (Enter, Delete, пробел)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.
2-тур. Полиглот.
1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы ... (тоқ, ток, currnt)
6. Өнер алды қызыл ... (тіл, язык, landuade)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, )
8. Жойылған құжаттар сақталатын қап (себет, корзина, )
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
3-тур. «Ғажайып алаң».
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)
30 (оң) жақтағы – Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)
30(ортадағы) – 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды? (Арифмометр)
30 (сол) жақтағы – Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)
40(оң) жақтағы –Алғашқы программист (Ада Лавлейс)
40 (ортадағы) – Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы (Герман Холлерит)
40 (сол) жақтағы – Бірінші электронды машина (ENIAC)
50(ортадағы) – Ең өнімді вирусқа қарсы бағдарлама (Касперский)
50 (сол) жақтағы – Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)
50 (ортадағы) – Microsoft фирмасын құрған адам (Билл Гейст)
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
4-тур. «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс. «Егер мен хакер болсам» Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады
5-тур. «Жорға». Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Бір битте қанша байт бар (8)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)
11. Екілік жүйесінің сандары (0, 1)
12. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
19. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
21. Дискета түрлері (3, 5 және 5, 25 дюмдік)
22. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
23. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
24. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
25. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
26. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
27. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
28. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
29.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)
30. Перне тақта қандай құрылғы (енгізу)
31. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
32 . Жад нешеге бөлінеді (2)
33.Жергілікті желіге қандай құрылғы керек? (хабб)
34. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
35. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)
36. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)
Қорытындылаймыз!
Бүгінгі көріп тамашалаған «2013 - Информатик» атты ойын өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.