Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Информатика білімгерлері» танымдық сайыс. -

«Информатика білімгерлері» танымдық сайыс.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1702 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Информатика білімгерлері» танымдық сайыс.
Мақсаты:
• Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, практика жүзінде қолдана білу, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, информатика пәніне қызығушылығын арттыру
• танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру
• логикалық ойлау қабілетін шыңдау
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
 Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
 Әділқазылар алқасымен таныстыру
 Сайысты өткізу
 Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Сайыс жоспары:
1-тур. «Ақпаратты беру» сайысы
2-тур. «Ақпаратты табу» сайысы
3-тур. «Ақпаратты қабылдау» сайысы
4-тур «Ақпарат алмасу» сайысы
5-тур. «Ақпаратты сәйкестіру» сайысы
6-тур. «Ақпаратты кодтау»
7-тур. «Ақпаратты өңдеу»
Қайырлы күн оқушылар! Бүгінгі сайысты «Кімде-кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөзбен бастағым келіп отыр. Ақпарат адам үшін ең маңызды білім көзі болып табылады. Ақпаратты әр түрлі жолмен ауызша, жазбаша, қимыл-қозғалыс түрінде беруге болады. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады, өңделеді. Ақпаратпен орындалатын процестер ақпараттық процестер деп аталады.
І тур. « Ақпаратты беру»
Топ визиткасын қорғау. (топ аты, эмблемасы, ұраны, таныстыруы)
ІІ тур. «Ақпаратты табу»
Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады.
ІІІ тур. «Ақпаратты қабылдау»
Адам ақпаратты көп жағдайда көру, есту және сезім мүшелері (иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу) арқылы қабылдайды.
а) Ақпаратты қимыл-қозғалыс, түрінде береміз. Әр топқа үлестірме қағаз беріледі, сол қағазда жазылған ақпаратты топ мүшелері ортаға шығып, мимика, ыммен түсіндіреді. Екінші топ көрсетілген ақпаратты табу керек.
Мысалы:1. «Компьютерде әуен тыңдап, ойын ойнап отырған адам»
2. «Ақпаратты қағазға басып шығару»
ә) «Телефон» ойынын ойнау. Топтың бір ойыншысына құлағына сыбырлап бір ақпарат айтылады. Ол әрі қарай келесі ойыншының құлағына сыбырлайды. Соңғы ойыншы ақпаратты дауыстап айтады. Осы ойын арқылы есту мүшесі арқылы ақпараттың дұрыс қабылданғанын анықтау керек.
б) Әр топтан ортаға бір оқушыдан кезекпен шығады. Олардың көздерін байлаймыз және қолдарына формасы әр түрлі бұйымдар мен заттарды ұстатамыз. Қандай зат екенін сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері арқылы анықтап, айтып берулері қажет.
ІV тур. «Ақпарат алмасу»
Ақпарат алмасу кезінде бір топ ақпаратты жолдаушы, екінші топ ақпаратты қабуылдаушы болады. Әр топ өздері компьютерде дайындап әкелген, сөзжұмбақтары бойынша ақпарат алмасады.
V тур. «Ақпаратты сәйкестіру»
Топ мүшелеріне компьютерге қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер беріледі, осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала.
(Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады.
(Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас.
(Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім.
(Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасасада.
(Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарсада)
6. Білмесең, «анықтама»-дан сұра.
(Білмесең білгеннен сұра)
7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.
(Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды.
(Досы күштіні-жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.
(Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады.
(Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
VІ тур. «Ақпаратты кодтау»
Бір ақпаратты әр түрлі алфавит арқылы ұсынуға, жазуға болады. Топ басшылары берілген сөздерді Морзе әліппесімен, ASCII кодымен, екілік кодпен жазулары керек.
VІІ тур. «Ақпаратты өңдеу»
Үй тапсырмасы бойынша компьютер құрылғыларын қатыстыра отырып, ертегі құрастыру. Осы құрастырған ертегілерін графикалық редактордың көмегімен салып, бейнеленген ертегіні көрсетіп, әңгімелеу. Жақсы құрастырған ертегі бойынша, топтың ұпай санын бағалау.
Қорытындылау.
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Тайпақ ауылы
Краснояр ОЖББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Е.Т. Жанғазиев
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.