.
.
Кештің тақырыбы: Информатика әлемі Информатика әлемі
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 334 | Просмотров: 1867 | Размер: 273.5 Kb | Автор: ТәрбиеКештің мақсаты:
- Оқушылардың информатикадан алған білімдерін жетілдіру, толықтыру;
- Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру, пәнге деген қызығушылығын ояту;
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұжымдасып жұмыс жасай білуге баулу.
Кештің өту барысы:
1.Таныстыру
2. Әр сұраққа - бір жауап
3. Кім қалай ойлайды?
4. Ғажайып алаң
5. Сиқырлы қалам
6. Топ жетекшілер сайысы
Құрметті оқушылар, ұстаздар, 7- класта өткізгелі отырған «Информатика әлемі» атты сыныптан тыс жұмысымызға қош келдіңіздер! Қазіргі заман компьютерлік сауаттылықты талап етеді. Сондықтанда іргетасымызды осы бастан берік қалағанымыз дұрыс болар. Ендеше, жерлесіміз А. Айталының «Білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін керек» деген керемет сөзін есімізге берік ұстанып, сайысымызды бастайық. Сайысқа екі топ қатысады. Бірінші топтың аты «интернет», екінші топ «компьютер» деп аталады. Сайысымызды бастамас бұрын топ мүшелеріне айтарым, елімізде іргелі жаңалық қысқы азияда ойындары өтіп жатқаны белгілі. 30 қаңтарда Астана аренасында тұтанған алаудың біздің еліміз үшін де өзіндік орны бар. Алматы маңынан табылған Сақ шамдарын үлгі ете отырып жасалған алау қазақ халқы үшін үлкен мәртебе.Елді аузына қаратқан дүбірлі додаға әр елің азамат, азаматшалары туған жер намысы үшін спорт түрлерінен жарысқа түседі. Сендер де сол аға – апаларың сияқты өз намыстарыңды білімдеріңмен қорғай білуге тырысыңдар. Сайысқа дайын болсаңдар сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру
Алдағы біз баратын бағыт анық,
Озат жан екеніңді тағы таныт,
Информатика әлеміне аяқ басып,
Компьютер тілінде біз жарысалық. Топтар өздерін таныстырады.
2. Әр сұраққа - бір жауап
Информатика пәнінің бұл сұрағы,
Білгір шәкірт алға озып шығады.
Дұрыс жауап нақты тауып айтсаңыз,
Жанғаны онда тобыңыздың шырағы – деп, төмендегі сұрақтарға шапшаң, дұрыс жауап беру сұралады.
Төртбұрыш: Дөңгелек: Үшбұрыш:
Төртбұрыштың жауаптары:
1. Матрицалык,Сия бүріккіш, Лазерлік, Сублимационалдық, Жарық диодты
2. Кактус
3. Монитор, жүйелік блок, пернетақта
4. Байт, бит
5. тақырып қатары, меню қатары, қүралдар тақтасы, пішімдеу қатары, шекара, сызғыш, жұмыс аймағы, сырғытпа, басқару батырмалары, қалып күй қатары.
6. Ада Лавлейс
7. Қоғамдағы ақпараттық процесстерді
8. Анықтама (Справка)
9. Тышқан
10. Файл
Дөңгелектің жауаптары:
1. Жұмыс жасамайтындығын, активті емес
2. Матрицалык,Сия бүріккіш, Лазерлік, Сублимационалдық, Жарық диодты
3. Бес буын
4. Активті екендігін
5. Принтер, монитор
6. Компьютер
7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас
8. Сигнал дегеніміз – оның көмегімен адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс.
9. Байт, бит
10. Сканер
Үшбұрыштың жауаптары
1. Ақпарат көздері
2. Жүйелік блок
3. Табиғат көріністерді, кескіндерді қабылдауды , дәм, иіс сезу арқылы алынатын ақпарат.
4. Флэш карта, дискет, диск
5. Монитор, жүйелік блок, пернетақта
6. Информация
7. Пернетақта
8. Маус, колонка, микрофон, сканер, принтер, модем
9. Тақырып қатары, меню қатары, қүралдар тақтасы, пішімдеу қатары, шекара, сызғыш, жұмыс аймағы, сырғытпа, басқару батырмалары, қалып күй қатары.
10. Терезе
3. Кім қалай ойлайды?
Білімдіден шығады алғыр, шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы,
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.
(Компьютердің пайдасы мен зияны)
4. Ғажайып алаң
Мәңгілікке есте қалар,
Қызықты бұл жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын. Төмендегі ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.
ЭЕМ - нің даму тарихы
10. Арифмометр қай жылы құрастырылды? (1694 ж)
20. ЕТ – нің қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (ХІХ ғасыр)
30. Алғашқы есептеу құралы (саусақ)
Терезелер
10. Басқару батырмалары не үшін керек? (жималау, жаймалау, жабу)
20. Айналдыру жолағы не үшін керек? (терезенің төменгі, жоғарғы шегіне өту үшін)
30. Қапшыққа өту батырмасын көрсет (переход батырмасы)
Объектілермен жұмыс
10. Жаңа қапшық құру командасы (Жанама меню Создать Папку)
20. Қапшықтардың компьютерде белгілі бір тәртіппен орналасуы (Иерархия)
30. “+” таңба нені білдіреді? (қапшықтың бос еместігін)
5. Сиқырлы қалам Жұмбақтардың шешуін тауып, суретін салу
1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)
2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
6. Топ жетекшілер сайысы. Екілік санау жүйесіндегі сандар берілген, оны он алтылық санау жүйесіне ауыстырыңыз. Шыққан санды кодтау арқылы берілген сөзді табыңыз.
10001000 10001101 10010100
10001110
10010000
10001100
10000000
10010010
10001000
10001010
10000000
88 8Д 94 8Е 90 8С 80 92 88 8А 80
и н ф о р м а т и к а
Қорытынды: Сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Жеңген топты марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.