Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Информатика әлемі» кеші. -

«Информатика әлемі» кеші.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 328 | Просмотров: 2004 | Размер: 86.5 Kb | Автор: Тәрбие
. Ақтөбе обласы, Ақтөбе қаласы №40 қазақ орта мектебінің математика-информатика пән мұғалімі



Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы: «Информатика әлемі» кеші.
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру,
шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, мұғалім қаумын
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым!
Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!
Ардақты да құдіретті бұл есім
Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің
Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,
Қасиетті әр сөзіңнен нәр қосам.
1-жүргізуші
Ұстаз, ұстаз!
Сен көрсеттің білім жолын іздеген
Жүріп кеттім мен де алға
Сен көрсеткен ізбенен
Талай ғалым, талай ақын
Қанаттанды өзіңмен,
Дүние сырын таныды олар
Сенің айтқан сөзіңнен.
2-жүргізуші
Телефонға жүгіреміз,
Теликке ылғи үңілеміз,
Бұл заманда адамдардың
Интернетпен ғұмыры егіз.
1-жүргізуші
Қалам ұстау ұмыт қалды,
Емейлдер құрық салды,
Өмір – құйын, көре алмаймыз
Түсімізде де тымық таңды.
2-жүргізуші:
Кешімізге арнайы дайындалып келген ‘‘Информатика әлемі’’ жайында менің
білетінім, айтарым бар деп отырған мектебіміздің белсенді оқушысы.
7а класс оқушысы Шаймағамбетова Инабат қарсы алыңыздар.
Ән: жан гүлім
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын ол тастайды
Қ-сы
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамдарды
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы

2-жүргізуші
Өмірді іспен өлшейміз,
Қадірлеп құнын жеңістің.
Мақсатқа берік сұлтандар,
Келеді сонда жеңіс күн.
1-жүргізуші
Сенімнің күші бір ғажап,
Қопарар заңғар тауды да.
Ұмытылар сонда түрлі азап,
Ұмтыл тек алға, қалғыма.
2-жүргізуші
Қиындықтардан бүгілмейміз,
Үмітімізді сенім баптасын,
Ашамыз сонда түбінде,
Информатика қақпасын.
1-жүргізуші
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Көп елдің арасын біз жалғаймыз.
Миллиондар ұшып жатыр күнбе-күн,
Біз сұлтандар осы лектен қалмаймыз.

2-жүргізуші:
Ұстаз!
Осы сөзде қаншама ұлылық бар?
Жүрегінде маздаған жылылық бар
Ол сен үшін тер төккен бекзат қауым
Ұстаздығы сан сырды ұғынып қал.
Мен мәңгі қарыздармын ұстаз саған.
Құдіретіне бас имей қалған ба адам.
Мінезіңе байсалды ғашық болып,
Мен де өзіңдей болуды армандағам.
1-жүргізуші: Келесі кезекті тележарнамаға берелік. Олай болса назар аударайық.
Сыныптағы компьютер-
2-жүргізуші: адамдарды өзіне басындырған әлжуас
1-жүргізуші: Жүйелік блок-
2-жүргізуші: бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми
1-жүргізуші: Монитор-
2-жүргізуші: өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін
құртатын жалмауыз
1-жүргізуші: Пернетақта-
2-жүргізуші: саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ
деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталайтын
береген.
1-жүргізуші: Тышқан-
2-жүргізуші: пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын,
қорқақ компьютердің кенже баласы
1-жүргізуші: Джойстик-
2-жүргізуші: тышқанның ең жақын туысы
1-жүргізуші: Принтер-
2-жүргізуші: стипендия алғанда ақшаңның тең жартысын бақилыққа жіберетін апан.
1-жүргізуші: Скайнер-
2-жүргізуші: принтерден асып түсетін мешкей.
1-жүргізуші: Үйрену керек бәрін де-
Ақпараттық заманың!-демекші сахнада
7а класс оқушысы Бауыржанова Әселді тамаша әнмен қарсы алыңыздар
Әні: (балалық шаққа саяхат)
Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді-

Қ-сы
Интернетке қосылу
Бір-ақ жұмыс керегі!
Барлық пәндер жазылып,
Дискілерде тұрады,

Кезекпенен ағылып
Экранға шығады
Тілін білген мамандар
Қырын, сырын ұғады!
Қ-сы
Компьютер-сенің көмекшін
Қаламын, әрі қағазын!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.

1-жүргізуші: Ал достар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажап әлемге саяхат жасайық
2-жүргізуші: Ортаға мектебіміздің «Көңілді тапқыштар клубын » шақырамыз.
1. Бимен шығады:
2. Әзіл айту.
Тыкылдат кор
Бір жігіттін компьютері бузылып калып програмистке барыпты.
- менін компьютерім бузылып калды
- кай жері?
- білмеймін. Кейбір программаларды ашпай тур.
- Онда есігін тыкытып кор, ашатын шығар
Найсер Дайсер
Сіздердің алдарыңызда су жаңа Найсер Дайсер. Бар жоғы 6000 теңге. Егер сіз 6000 теңгенің орнына 12000 теңге берсеңіз екіншісін мүлде тегін аласыз.
Біреу буреуден:
-Айбек тырнақ алатын бар ма? десе
-Менде жоқ интернеттан корсей- деп нифтему жауап бере салыпты.
Жарнама
-кеше жарнамадан көрдім, «Әсел дура!» деп жазып қойыпты,
Қызық екен….
-ақмақ дұрыстап оқысаңшы, онда «Дураасель» деп жазған!
Билл Гейтс
Бір күні инженерлер Билл Гейтстің арманын болдырғылары келеді. Тоңазтқышқа “Винды” орналастырады, қосса істеп тұр.... Сосын тоңазтқышқа бір қазан палау қояды. Көп күттірмей хабарлама шығады:
- «Қазан, (5 л) қап-қара күйе» табылды. Орнату керек пе?

Билл өз атына қосымша титуль (лақап ат ) қосып алыпты.
Енді оның аты- Де Билл Гейтс деп айтылады дейді.

Телефоннан дауыс:
-Сіздерде тышқан бар ма?
-жоқ
-Қашан болады?
-Білмеймін:
-Бұл компьютер дүкені ме?
-жоқ, пәтер...
__________________________________________________________________________________
Өлгеннен кейін Бил Гейтстын жаны карзинаға түседі.
3. Ән мен билеп аяқтау. (Жетіқарақшының орындауында Буратина әуенінде)
Айдан хабар алғызған
Зәулім үйді салғызған
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған
Желі тартып жолдармен
Жылдам хабар алғызған
Фи-зи-ка-да, физикада
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген
Бар ғылымды сыйдырып
Білетіні көп бізден
Жаңалықтың жаршысы
Жұртты елең еткізген
Ин-фор-ма-тик информатик
Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектер астықты
Комбайнмен бастырған
Ойлап тауып жолдарын
Артық берген жоспардан
Фи-зи- ка –лау физикалау
Ин-фор-ма-тик информатик

1-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
2-жүргізуші: Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттердің өзінен де озғанын қалаған ұстаздар қауымына арнап
«Жас ұстазым» әнімен ортаға 7 класс оқушыларын шақырамыз.
Жас ұстазға (әні: Жан досым)
Болашаққа ұстаздықты таңдадың
Тілегімді менде өзіңмен жалғадым
Ұстаз болу болашақтың бағбаны
Әрқашанда бола берсін жолдарың
Қ-сы
Жас досым
Сенім болсын жолдасың
Әрқашан шәкірттерің қолдасын
Ұстаздықты таңдадың
Ұстаз болу арманың
Бола берсін жолдарың
Әрбір шәкірт бір-бір жұмбақ әр арман
Ұстаз оған ашады екен жол алдан
Терең білім жалықпаған жан ғана
Болашаққа білім нәрін себе алған.

Ұзтаз болу сезімдерің пәктігі
Ұзтаз болу көңілдердің жаттығы
Шәкіртіңмен мәңгі бала бола біл
Жеңе аласың табиғаттың қарттығы
Би
1-жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншікке арнаған
Мұғалімді ардақтамас барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Көрсем дейді күнге де қол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
2-жүргізуші:
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ұстаздарға шын көңілден
Жолдаймыз біз алғыс бүгін.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін?- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.