Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
“Информатика әлеміне саяхат”  сыныптан тыс шара -

“Информатика әлеміне саяхат” сыныптан тыс шара

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4170 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Күні: 20.11.2014 Сыныбы: 5 а
Тақырыбы: “Информатика әлеміне саяхат” сыныптан тыс шара
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды компьютер құрылғылары
туралы білімдерін жүйелеу және кеңейту;
Paint графиктік редакторы элементтерімен
және олардың атқаратын қызметі туралы
білімдерін толықтыру
Сабақтың міндеті: Оқушылар компьютерде өз бетінше жұмыс
істеу дағдысын қалыптастыру;
іскерліктерін, логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген
қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу,
халықтық тағылымдарды сурет арқылы бейнелей
білуге тәрбиелеу

Сайыстың өту барысы:
1. Ойланып көр
2. Таңбашалар сөйлейді
3. Сөзжұмбақты шешу
4. Сурет көрмелерді қорғау
Оқушыларды 2 топқа бөлеміз. 1 топ: PAINT тобы, 2 топ: PHOTOSHOP тобы

І кезең «Ойланып көр»
PAINT тобының сұрақтары
1.Информатика нені зерттейтін ғылым?
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
2.Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
Монитор, пернетақта, жүйелі қорап, тінтуір
3. Меңзерді жолдың басына алып баратын перне ?
Home
4. Paint бағдарламасын іске қосу жодарын ата?
1.Бастау 2. бағдарлама 3.Қалыпталған 4. Рaint бағдарламасы
5.Графикалық редакторға қандай бағдарлама жатады?
Paint бағдарламасы
6.Бос орын пернесі қандай қызмет атқарады?
Сөздердің арасын ажырату қызметін атқарады
PHOTOSHOP тобының сұрақтары
1.Ақпарат дегеніміз не?
Қоршаған ортада болып жатқан процесстерді ақпарат деп айтамыз
2.Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
Модем, колонкалар, принтер, сканер,құлақшын,веб камера т.б
3. Меңзерді жолдың соңына апаратын перне ?
End
4.Мәтіндік редакторға қандай бағдарламаларды жатқызуға балады?
WordPad
5.Windows сөзінің қазақша мағынасы?
терезе
6. Пернетақтадағы “NumLock” пернесі қандай қызмет атқарады
Пернетақтадағы сандар қатарын іске қосады.

ІІ кезең «Таңбашалар сөйлейді»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада әр топқа таңбашалар шығады. Таңбашаның қандай мағына беретінін айтып, жазу керек.

PAINT тобының сұрақтары
- ерікті аймақты белгілеу
- өшіргіш, кетіруге арналған
- бүріккіш
- эллипс, шеңбер салуға арналған
- масштаб құралы, үлкейту-кішірейту
- қисық сызық

PHOTOSHOP тобының сұрақтары
- жазу, мәтін орналастыру
- түзу сызықтар салуға арналған
- құю (заливка), бояйды
- тұйықталған көп бұрыштар салу
- қарындаш, кез-келген сызық салу
- тіктөртбұрыш салуға арналған

ІІІ кезең «Сөзжұмбақты шешу»
PAINT тобына арналған сөзжұмбақты шешу
PHOTOSHOP тобына арналған сөзжұмбақты шешу

ІV кезең "Сурет, көрмелерді қорғау"
Оқушылар өз бетімен дайындап әкелген суреттерін интерактивті тақта арқызы қорғайды және Paint-тың қандай құралдарын пайдаланғаны туралы айтып береді.

Қорытындылау. Қорытындылау барысында екі топты және белсене қатысып отырған оқушыларды дипломмен марапаттау.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Жаңақала жалпы орта білім беретін
мектебінің информатика пәні мұғалімі: Бердіғалиева Әсел Меңдібайқызы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.