Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Информатикалық эрудит -

Информатикалық эрудит

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1725 | Размер: | Автор: arai
. №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі


Тықырыбы: «Информатикалық эрудит»

Өткізген: Шетеева А.С

Информатикалық эрудит ойыны
Мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұжыммен жұмыс істеуге жұмылдыру.
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Құрметті ұстаздар және оқушылар!
Біздің бүгінгі сайысымызға қош келіпсіздер! Сайысымызға 6-шы және 7-ші сыныптарынан құралған екі топ қатынасып отыр.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
I. Таныстыру
II. «Үздіктер» топбасшылар сайысы\
III. Сергіту сәті.
IV. «Жеті жұмбақ»
V. «Тіл өнер»
VI. «Адасқан әріптер».
Ал ендеше барлықтарыңа сәттілік тілей отырып, І кезеңімізді бастайық.
І кезең. Таныстыру. Екі топ өздерін таныстырады. 10 балл.
І топ аты – «Монитор»
мүшелері:
1.
2.
3.
ІІ топ аты – «Винчестер»
мүшелері:
1.
2.
3.
(топтың эмблемасын, атауының мағанасын таныстырады)
Біз сайысымызды бастамас бұрын сарапшы екі топтың топбасшыларын ортаға шақырамыз
ІІ кезең. «Үздіктер» топбасшыларының сайысы. Мұнда тек қана топбасшылары сайысады және бұл сайыстың әрбір дұрыс жауабы 10 балмен бағаланады. Сонымен іске сәт!
І топ
1.Мәтіндік файлдың кеңейтілімі (.txt)
2.Қарапайым графикалық редактор (Paint)
3.Операциялық жүйе дегеніміз не? (Бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама)
4.Компьютер ауруы (вирус)
5.Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды ата.(Сызықтық, тармақталған циклдік)

ІІ топ
1. Ең бірінші программа құрған оқымысты........... (Ада Лавлейс)
2. Алгоритм сөзі қай ғасырда кімнің есіміне байланысты пайда болған? (IXғасыр, Әл - Хорезми)
3. Программа неше бөліктен тұрады? (3 тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.)
4. Программамен басқарылатын аналитикалық машинаны ойлап шығарған ағылшын ғалымы... (Чарльз Бэббидж)
5 Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)

ІІІ кезең. Сергіту сәті. Топбасшылары топ мүшелеріне жасырылған суреттерді сұрақ ретінде қояды, ал топ мүшелері сол сұрақ арқылы жауабын айтуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
ІY кезең. «Жеті жұмбақ»
Бұл кезеңнің шарты бойынша жеті жұмбақ жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Шеше алмаса жұмбақ келесі топқа беріледі. Үш топ та шеше алмаса ұпай берілмейді.

Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)

Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)

Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (манитор)

Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)
Y кезең: «Тіл өнер» кезеңі
Жүргізуші: “Ана тілім-арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте” – деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай,
оқушыларымыздың тіл білімін де тамашалайық. Ендеше келесі сайысымыз «Тіл өнер» сайысы. Ортаға сұрақтар беріледі. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан топқа 15 ұпай беріледі. Ал егер екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Дұрыс таппаса сұрақ келесі топқа беріледі. Ол топ та таба алмаса ұпай берілмейді.
1.Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
2.Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
3. Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)
4. Бағдарламадағы немесе мәтіндегі терістік (қате, ошибка, error)
5. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта, клавиатура, The keyboard)
6. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, current )
7. Өнер алды қызыл не? (тіл, язык, Language)
8. Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды сақтайтын орын
(қапшық, папка, Folder )
9. Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды жойған кезде оларды уақытша сақтайтын орын (қоржын, корзина, Basket)
YI кезең. «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі(ал орындау уақыты 1минут) Топтарға 6 сұрақтан берілген.
І топ:
1. РЕТЬЮПОМК - компьютер
2. ВРЕДАЙР - драйвер
3. ДЕМОМ - модем
4. ЛАЙФ - файл
5. РОТИНОМ – монитор
6. АТЕКИСД - дискета
ІІ топ:
1. НИРПЕРТ - принтер
2. ЧЕСВИНТЕР - винчестер
3. КРАСЕН - сканер
4. АНИШ - шина
5. СОРЕСЦПРО - процессор
6. ТОРП - порт
Қорытынды Сарапшылар топтардың жинаған балдарын санап жеңген топ марапатталады
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.