Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Информатикалық саяхат» -

«Информатикалық саяхат»

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1569 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақмола облысы
Степногорск қаласы
С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі
информатика және математика пәнінің мұғалімі
Абилдина Алтын Маралқызы
Информатика пәнінен 6 «А» сыныбында өткізілген
ашық сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Информатикалық саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақпарат ұғымы, түрлері, компьютер құрылғылары, операциялық жүйе тақырыптарын жалпылау
Дамытушылық: компьютерде тестік тапсырмалармен жұмыс жасау машықтарын қалыптастыру, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуларына жағдай жасау.
Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелі түрде қалыптастырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, презентация, флип-чарт, тапсырмалары бар карточка, таратпа материал, Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмалар, Excel-де жасалған сөзжұмбақтар, электронды оқулық.
Сабақ түрі: қайталау, жалпылау сабақ
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау. Сабақ кіріспесі
3. Бекеттер бойынша жұмыстар
Билетке тапсырыс беру – «Тест тапсырмалары»
1. Бекет– «Ақпарат»
2. Бекет – «Компьютер құрылғылары»
3. Бекет – «Сөзжұмбақ»
4. бекет - «Windows операциялық жүйесі» электронды оқулықпен жұмыс
4. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы. Бағалау.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басталмастан бұрын үй жұмысын тексеріп алу.
2. Сабақтың тақырыбын, жүргізу формасын және мақсатын хабарлау.
Кіріспе
Сабақ ойын түрінде өтетінін және ойынның жүргізілу тәртібімен таныстыру. Сабақ соңында әр оқушының «Білім» қаласына қай вагонмен келгенімен бағаланатынын ескерту. Ол үшін алдымен билетке «тапсырыс береді»: оқушылар компьютерде Easy Qizzy бағдарламасымен құрылған тестік тапсырмаларын орындайды. Білімдерін компьютер бағалайды. Алған бағалары бойынша поездың сәйкес вагонына орналасып, «Білім» қаласына аттанады.
«5»-тік баға алған оқушы купе вагонымен;
«4» -тік баға алған оқушы плацкарт вагонымен;
«3» -тік баға алған оқушы жалпы вагонмен аттанады,
ал «2» -лік баға алған оқушы «Білім» қаласына сапарға аттана алмайды.

Сонымен қатар әр бекеттегі тапсырмаларды орындау арқылы өз вагондарынан басқа вагондарға ауыса алады. Мысалы деңгейлік тапсырма дұрыс орындалса, жалпыдан→ плацкартқа; плацкарттан→купеге ауыса алады; ал дұрыс орындамаса өз вагонында қалады.

3. Бекеттер бойынша тапсырмалар орындау
1. Бекет– «Ақпарат»
Сызбамен жұмыс

Адам ақпаратпен не істейді?

Ақпарат көздері

Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгей- жалпы вагондағы оқушыларға
Оқулықта 290 бет бар, әр бетте 37 жол бар, әр жолда 65 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша байтты құрайды?
В деңгей- Плацкарттағы оқушыларға
Оқулықта 310 бет бар, әр бетте 41 жол бар, әр жолда 72 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Кбайт?
С деңгей- Купедегі оқушыларға
Оқулықта 250 бет бар, әр бетте 38 жол бар, әр жолда 55 символ бар. Оқулықтың ақпараттық көлемі қанша Мбайт? Оны көлемі 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?
2. Бекет – «Компьютер құрылғылары»
а) Топтастыру. Компьютер құрылғыларын енгізу және шығару құрылғылары бойынша топтастыру(флип-чарт)

ә) Компьютерде жұмыс істеу. Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теру:
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік – елім, сенің мерекең,
Тәуелсіздік – таусылмайтын берекең.
Тәуелсіздік – қуат көзі, нәр екен,
Құтты болсын, құтты болсын мерекең!

Сергіту сәті. Жаттығулар жасау(музыканың сүйемелдеуімен)

3. Бекет – «Сөзжұмбақтар»
Excel программасында деңгейлік сөзжұмбақтар шешу
4. Бекет – «Windows операциялық жүйесі» электронды оқулықпен жұмыс.
SinKaz электронды оқулығының 2 модулі бойынша жұмыс істеу

Сабақты қорытындылау.
Сапар соңында «Білім» қаласына оқушылар қандай вагонмен келді, соған байланысты білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма.
Егер «Білім» қаласына:
Купе вагонымен келсеңіз:
«Қазіргі кездегі операциялық жүйе түрлері» тақырыбына баяндама дайындау
Плацкарт вагонымен келсеңіз:
Сөзжұмбақ құрастыру
Жалпы вагонымен келсеңіз:
«Windows операциялық жүйесі. Windows объектілері. Терезелер» тақырыбын қайталау

Рефлексия. Оқушылар шам жағу арқылы өз көңіл-күйлерін көрсетеді
Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.