Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Информатиканың негізгі түсініктері. -

Информатиканың негізгі түсініктері.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1825 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Информатиканың негізгі түсініктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, топтамалар, т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(7-сыныптағы «Ақпарат» тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары)
Ақпарат деген не?
(Ақпарат- қоршаған орта мен онда болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер)
Қандай ақпараттық процестерді білесіңдер?
(Ақпараттық процестер дегеніміз –ақпаратты сақтау, беру және оны өңдеу)
Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
(Ақпарат пайдалы, толық, обьективті, жаңа болуы керек).
Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?
(Ақпараттың ең кіші бірлігі -1 бит )
1 Байт= 8 бит
1Кбайт (килобайт)=1024 байт
1Мбайт (мегабайт)=1024 кбайт
1Гбайт (гигабайт)=1024 мбайт
Ақпаратты кодтау, кодтушы кесте деген не?
(Ақпаратты кодтау дегеніміз – қандай да бір алфавит арқылы ақпартты кескіндеу Кодтаушы символдар жиынының комбинациялары –кодтаушы кесте деп аталады).
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Қауіпсіздік техникасы ережесі туралы не білесіңдер?
2. Қандай алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін білесіңдер?
3. Қандай көзді талдырмау және шаршатпау жаттығуларын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Информатика ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. «Информатика» термині
60-жылдардың ортасында деректерді өңдеу процесін автоматтандыру туралы ғылым ретінде «Информация» және «Автоматика» сөздерінен пайда болды. Сондықтан оны көздеген мақсатқа компьютердің көмегімен қол жеткізу үшін қолданады.
Кез келген пән сияқты информатика да ақпараттарды оқып-білудің жалпы пәні ретінде біріктірілетін әр түрлі пәндер жиынтығын ұсынады. Оған жататындар:
 Ақпараттар теориясы ;
 Кибернетика;
 Жасанды интеллект;
 Программалау;
 Ақпараттарды қорғау және т.б.
Адамдар әрқашан өз еңбегін жеңілдетуге тырысты. Ол үшін олар әр түрлі механизмдер мен машиналар ойлап тапты. Бұл құралдар ой еңбегін емес дене еңбегін жеңілдетті. Қазіргі уақытта дене еңбегімен қатар ой еңбегімен айналысатындардың саны күрт артуда. Адам өзіне көмекші құрал ретінде ақпараттармен жұмыс істей алатын сақтау, өңдеу, жылдам іздеу және алмастыру жүргізетін компьютерді ойлап тапты.
Информатиканың негізгі түсінігі ақпарат болып табылады. Ақпарат терминінің көптеген анықтамасы бар. Ақпарат адамдар мен автоматтар арасындағы мәліметтер, өсімдіктер және хайуанаттар әлемінде сигналдар алмасуды, бір денеден екінші денеге белгілер беруді қамтиды.
Информатика ақпараттық процестер, технологиялар және ресурстар түсініктерін байланыстырады.
Ақпараттық процестер деп адамдардың арасындағы қарым-қатынас кезінде техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпараттарды беру, жинақтау және өңдеу процестерін айтады.
Ақпаратты беру. Ақпарат, негізінен, пайдаланушыға сигнал арқылы беріледі. Ақпараттың нақты немесе жорамал бейнесін алу ақпаратты беру деп аталады.
Ақпаратты сақтау. Ақпаратты сақтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы, ежелгі заманда ақпаратты үңгірлердің қабырғасында, папируста сақтаса, типографиялық қондырғыны ойлап тапқаннан кейін кітаптарда сақталатын болды. Қазіргі кезде ақпаратты әр түрлі электрондық тасымалдаушыларда сақтауға болады.
Информатикада ақпаратты өңдеу деп ақпараттарды бір түрден екінші түрге қатаң ережелер арқылы кез келген түрлендіруді айтады.
Нақты бір техникалық құралдарды қолдану арқылы ақпараттарды жинақтау, өңдеу және беру технологиясы ақпараттық технологиялар деп аталады.
Қоғамның дамуында информатиканың алатын орны орасан зор.

ІV. Сабақты бекіту.

1. Информатика дегеніміз не?
2. Информатика нені оқытады?
3. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
4. Ақпараттық процесс дегеніміз не?

Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты
аяқтаймын.
Үйге тапсырма: §1.1 тақырыпты оқу.

Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.