Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
InputBox, MsgBox  функциялары, Print операторы, Тармақталу программалары. -

InputBox, MsgBox функциялары, Print операторы, Тармақталу программалары.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1894 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: InputBox, MsgBox функциялары, Print операторы, Тармақталу программалары.
ІІ. Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VІ. Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер: Н.Ермеков, М.Ермеков, С.Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы. Информатика негіздері журналы. О.Камардинов Bisual Basic ортасы, Ж.Динисламов Bisual Basic ортасы.
VІІІ. Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) үйге тапсырма
е) қорытынды
1. Visual Basic программасына қалай кіре аламыз?
2. Visual Basic программасының неше версиясы бар?
3. Visual Basic программасын түсіндір?
4. Visual Basic ортасының бөлктерін түсіндір?
5. New парағын түсіндір?
6. Existing парағын түсіндір?
7. Recent парағын түсіндір?
8. Visual Basic программаларында сақтаудың неше түрі бар?
9. Visual Basic қосымшасын қалай сақтаймыз?
10. Қасиеттер терезесі дегеніміз не?
11. Экраннан қасиеттер терезесі көрінбесе, қалай ашамыз?
12. TextBox, Label, CommandButton компоненттерін түсіндір.
13. айнымаылар дегеніміз не?
Жаңа сабақ
Visual Basic программасында айнымалылар мәндерін InputBox(енгізу қорабы) MsgBox (шығару қорабы) функцияларының көмегімен енгізуге болады. Функциялардың программада жалпы жазылуы төмендегідей:
X=InputBox(X, «текст»)
MsgBox (У),, «текст»
Мұндағы: х,у – айнымалы идентификаторлар, үтірлер арасындағы бос орынға батырма нөмірін жазуға болады.
Сондай-ақ бұл функцияларды төмендегідей қысқаша форматта жазуға да болады:
X=InputBox(«текст»)
MsgBox «текст»
MsgBox функциясының орнына Print операторын қолданып нәтижені формаға шығаруға болады, жазылу үлгісі: Print «текст»; х немесе формаға тек қана текстік информация шығару үшін төмендегідей қысқаша үлгіде да жазуға болады: Print «текст»;
Visual Basic процедураларында операторлардың орындалу ретін басқарып отыратын тармақталу процестерін ұйымдастыруда шартсыз Goto шартты If…Then…Else операторлары қолданылады.
1. Тек қана If операторларын қолдану арқылы
1. If шарт Then оператор
Егер шарт орындалса, онда басқару операторларына жазылған операторға барады, әйтпесе – келесі қатарға өтеді.
2. If шарт Then 1-оператор Else 2- оператор
Егер шарт орындалса, басқару 1-операторға барады. әйтпесе 2-операторға барады.
3. If шарт Then
1 блок
Else
1 блок
End If
Егер шарт орындалса, онда басқару операторларындағы операторлар блогына барады, әйтпесе операторларынан кейінгі қатарға беріледі.
2. Шартсыз көшу операторын қолдану арқылы:
1. If шарт Then Goto n
Егер шарт орындалса, онда басқару n-ші қатарға өтеді, әйтпесе – келесі қатарға беріледі.
2. If шарт Then Goto n1 Else n 2
Егер шарт орындалса, онда басқару n1-ші қатарға, орындалмаса n2-ші қатарға беріледі.
3. If 1-шарт Then Goto n1
If 2-шарт Then Goto n2
If 3-шарт Then Goto n3
If 4-шарт Then Goto n4
4. Егер 1-шарт орындалса, онда басқару n1 -ші қатарға, 2-шарт орындалса – n2-ші қатарға, 3-шарт орындалса, - n3-ші қатарға, 4 – шарт орындалса – n4-ші қатарға, әйтпесе келесі қатарға өтеді.

Жаңа сабақты бекіту
ІХ. Үйге тапсырма
InputBox, MsgBox функциялары, Print операторы, Тармақталу программалары.

Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.