.
.
Сабақтың тақырыбы: Интернет сервистері Интернет сервистері
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1686 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімдікке, салауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б
Оқыту формалары:жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) бағалау
Г) жаңа сабақ
Д) бекіту
Е) үйге тапсырма
Ж) қорытынды
Жаңа сабақ
Қоңырау соғылып, сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып, сабақты бастаймын. Кезекшіден оқушыларды түгелдеп журналға белгілеп алып үй тапсырмасын бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын.
Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады төмен жылдамдықтағы телефондылардан жоғары жылдамдықтағы спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ЭЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болуы үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі өлшемді блоктарға (пакеттерге) бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.
Интернетте екі негізгі хаттама қолданылады. Желіаралық хаттама (Internet Рrotokol – ІР) берілетін деректерді жеке пакеттерге бөліп, алушының адресі көрсетілген тақырыппен жабдықтайды. Беруді басқару хаттамасы (Transmission Control Рrotokol ТСР) мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты.
Жеке компьютерлерді (желіде олар жұмыс станциялары деп аталады) және оларды пайдаланушыларды идентификациялау екі адрес бойынша іске асырылады ; олардың бірі (домендік адрес деп аталатын) адамға, басқасы(ІР-адрес ) – компьютерге түсініктірек. Мысалы , www.relcom.ry адресі бойынша (www дегініміз – ресурс аты – World Wide Web, relkom – фирма аты, ru – Россия), Relkom желісінің Web-серверіне шығуға болады. ІР-адрес дегеніміз нүктелермен 4 бөлікке бөлінген (олардың ешқайсысы 255-ден аспауы керек) 32-биттік сан(мысалы, 49.19.81.2). Пайдаланушыға түсініксіз болғанымен, дәл осы адрес компьютермен оқылады. Интернет коммуникация әдістері мен ақпаратқа шығу тәсілдерін түр-түрімен ұсынатын болғандықтан, көп мекемелер үшін ол – ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.
Үйге тапсырма: Интернет сервистері
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.