Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Интернетте ақпараттарды іздеу. -

Интернетте ақпараттарды іздеу.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3480 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Тақырып: Интернетте ақпараттарды іздеу.
Мақсат: Оқушыларға Интернетте ақпарат іздестіру жолдарын үйрету.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларға Интернетте ақпарат іздестіру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық –Оқушылардың заманауи технологияларды пайдалана білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;
2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;
3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»
4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
1. Интернет дегеніміз не?
2. TCP/IP хаттамасы деген не?
3. IP-адрес нені көрсетеді?
4. Домендер атауы жүйесі?
3)Жаңа тақыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютер провайдер мекеменің компьютерімен байланыстырған соң, Интернетке нақты түрде қосылу орындалады. Бірақ бүкіләлемдік желіде жұмыс істей алмаймыз. Интернетте жұмыс істеу үшін қосымша программалар қажет болады. Бұл программаларды таңдау Интернеттің қандай қызметімен жұмыс істейтіндігімізге байланысты. Интернетте әр түрлі қызмет көрсету түрі бар. Соның бірі –WORLD WIDE WEB қызметі. WORLD WIDE WEB – Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе ол тек WEB деп аталады. Бұл қызметтің танымалдылығы сонша, оны көпшілік Интернеттің өзі деп біледі. WORLD WIDE WEB – қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпаратты іздеу және жинақтауға мүмкіндік береді. WORLD WIDE WEB қызметін пайдалануға HTML «құжаттарының пішімі» және «гипермәтіндік сілтемелер» деген негізгі екі ұғым бар.
Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, Интернет ақпарат кеңістігіндегі WEB – парақтардың бірінен келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Алайда, әлемдегі WEB – парақтардың өте көп екендігін ескерсек, қажетті мәліметті іздеп табуға өте көп уақыт кетеді, яғни бұл іс қиындай түседі. Сол себепті Интернетте ақпаратты іздеуге арналған іздеу серверлері бар. Іздеу серверлері өте көп емес, Интернетте жұмыс істейтін адамдар олардың адрестерін жақсы біледі. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар: іздеу каталогтері және іздеу индекстері. Іздеу каталогтері ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған. Мұндай серверлердегі мәліметтер негізгі және ішкі тақырыптары бойынша реттеліп құрылған. Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады. Сонымен бірге ақпарат іздеу мүмкіндігін беретін арнайы классификациялық серверлер де бар. Бұл серверлерде ақпарат жалпы тақырыптарымен бірге көп таралған танымал сөз тіркестерінің тізімі бойынша топтастырылған. Әрбір іздеуші мәліметіне байланысты құжаттарды ашу кезінде арнайы есептеуіш іске қосылып, көп қолданатын ақпараттардың есебі алынып отырады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
1. WORLD WIDE WEB қызметтері қандай мүмкіндіктер береді?
2. Интернетте ақпарат іздеу қалай жүзеге асырылады?
3. Іздеу каталогтері, іздеу индекстері, жіктеу серверлерін қалай сипаттауға болады?
Тапсырма №1.
Мұғалімнен кіллтік сөзді алып, сәйкесінше ақпаратты интернеттің іздеу жүйелері арқылы іздеп, дәптеріңе түсір.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау
Оқушыларға Интернетте керекті ақпарат іздеу туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма
Интернетте ақпарат іздеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.