.
.
Сабақтың тақырыбы: Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1814 | Размер: | Автор: Нартай4540ерекшеліктері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта өтілген тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс жасадық Ал бүгін жаңадан көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын жаңа тақырып өтеміз.
Жаңа сабақ
Реляциялық деректер қоймасы теориясында негізгі ұғымдар мыналар: кесте, қатынас, жол(строка), баған, бастапқы және сыртқы кілттер.
Кесте жол мен бағаннан тұрады, деректер қоймасында бірегей атқа ие. Деректер қоймасы арасындағы байланыс дәл келетін өрістердің көмегімен орнатылатын көптеген кестелерден тұрады. Кестелердің бір типтегі (топтағы) қандай да бір объектілер жайлы ақпарат бар. Мысал ретінде сатып алушылардың тапсырыстарын есепке алуға арналған, екі кестеден тұратын деректер қоймасына назар аударайық: Клиенттер және Тапсырыстар.Клиенттер кестесінде сатып алушылар жайлы ақпарат бар.
Клиенттер кестесінің құрылымы
№ Атауы Типі
1 Клиенттің коды Санауыш
2 Тегі Мәтіндік
3 Аты Мәтіндік
4 Әкесінің аты Мәтіндік
5 Телефоны Мәтіндік
6 Индексі Мәтіндік
7 Ел Мәтіндік
8 Аймақ Мәтіндік
9 Қала Мәтіндік
10 Мекен жайы Мәтіндік
11 Кәсіпорын Мәтіндік
12 Несие Ақшалай
13 Ескертпе Мемо
«Бір-бірге» қатынасы
Бұл қатынас бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
Жеке тұлғалар кестесінің құрылымы
№ Атауы Типі
1 Санауыш
2 Тегі Мәтіндік
3 Аты Мәтіндік
4 Әкесінің аты Мәтіндік
5 Телефоны Мәтіндік
6 Индексі Мәтіндік
7 Ел Мәтіндік
8 Қала Мәтіндік
9 Аймақ Мәтіндік
10 Мекен жайы Мәтіндік
11 Туылған күн датасы Дата/Уақыт
12 Суреті ОLE объектісінің өрісі
13 Ескертпе Мемо
«Бір-көпке» қатынасы
Қатынастың бұл типін сипаттау ретінде бұрын қарастырылған Клиенттер және Тапсырыстар кестелерін қарайық. Кестелер арасындағы байланыс Клиент коды сәйкес өрістері мәндерінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда екі кестедегі сәйкес өрістер аттас атауға ие.
«Көп-бірге» қатынасы
Бұл қатынас қарастырылған «бір-көпке» қатынасына ұқсас. Объектілер арасындағы қатынасы типі өзіңіздің көзқарасыңызға байланысты. Мысалы , егер жасалған тапсырыс пен клиенттер арасындағы қатынасты қарастырсаңыз, онда «көп-біргең қатынасын аласыз»
«Көпке-көп» қатынасы
Аталмыш қатынас екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Үйге тапсырма
Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.