.
.
Сабақтың тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы Калькулятор бағдарламасы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 263 | Просмотров: 2944 | Размер: 93.0 Kb | Автор: bibigulСабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға калькулятор бағдарламасының көмегімен
қарапайым және күрделі есептеулерді шешуге, калькулятор
бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерін үйрету
Дамытушылық:
Компьютердің басқа программаларын меңгерте отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.
Тәрбиелік:
Оқушыларды іскерлікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа яғни уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, тақта, кітап, слайд
Пәнаралық байланыс: «Математика», Информатика
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа ақпараттық технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз”
Н.Назарбаев
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім білімді» ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
1. WORDPAD редакторының мүмкіндіктері қандай?
2. Мәтіннің қаріпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
3. Терезенің негізгі элементтерін ата
4. Мына пернелердің қызметін ата?«Enter», «Shift», «Caps Lock», «Backspace», «Delete»
5. Құжатты сақтау және ашу үшін қандай әрекеттер орындалады?
6. Құжатты басқа жерге апару мен қою тәсілі дегеніміз?
ІІІ Жаңа сабақ Калькулятор бағдарламасы.
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін Windows-98-дің «Калькулятор» қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы бағдарлама кәдімгі электрондық калькулятордың жұмысын модельдейді. Калькуляторды пайдалана отырып есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін Windows-98-дің басқа бағдарламаларына беруге болады. Сонымен қатар Калькулятор қолданбасы компьютердің сандық информациямен жұмыс істеуін: бір жүйеден екінші жүйеге сандарды аударуды логикалық арифметика принциптерін, есептеу дәлдігін және т.б. тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Жүйеде калькулятордың екі түрі бар: Қарапайым (кәдімгі) және Инженерлік.
Калькуляторды іске қосу
Калькуляторды іске қосу үшін, мына тізбекті орындаймыз:
Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор.
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда Қарапайым калькулятор шығады, содан соң сендер соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан санаулы амалдарды және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне ауысу Вид менюінен оның сәйкес типін (түрін) таңдау арқылы орындалады.
Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады
- ЖАДТАҒЫ МӘНДЕРДІ ӨШІРЕДІ
- ЖАДТАҒЫ МӘНДІ ИНДИКАТОРҒА КӨШІРЕДІ
- ИНДИКАТОРДАҒЫ МӘНДІ ЖАДҚА ЖАЗАДЫ
- ИНДИКАТОРДАҒЫ САНДАРДЫ ЖАДТАҒЫ МӘНДЕРГЕ ҚОСАДЫ
Калькулятормен жұмыс істеу
Бұл калькулятормен жұмыс істеудің принципі кәдімгі қалта калькуляторымен жұмыс істеумен бірдей.Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу маустың сол жақ батырмасын калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.
Жадпен жұмыс істеу (онда тек бір ғана санды жазуға болатын).
1. Енгізу өрісіндегі санды жадқа енгізу үшін MS батырмасын басу керек
2. Mr –жадтағы санды енгізу өрісіне беру.
3. М+ - жадтағы санға енгізу өрісіндегі санды қосу.
4. МС – жадты тазалау.
Жадпен жұмыс істеу кезінде калькулятор тақтасындағы жад батырмаларының үстінде
М индикаторы пайда болады .Жадқа енгізілген әр жаңа сан алдыңғы санның орнын басады.
Алмасу буферімен жұмыс істеу
1. Арифметикалық өрнекті кез келген әтіндік редакторда немесе процессорда теру, мысалы 54-3*4-678=
2. Өрнекті алмасу буферіне “=” белгісін қоса отырып , көшіру.
3. Калькулятордға өрнекті енгізу өрісіне кірістіру - “Ctrl+V” немесе менюден Түзету, Кірістіріп қою .
4. Алынған нәтижені алмасу буферіне көшіру - “ Ctrl+C ” немесе менюден Түзету , Көшіру.
5. Нәтижені редактордың қажетті жеріне апару.
V Бекіту
Балық аулау ойыны
1. 45-тің 20 %-і
2. 11,5+44,52/5=
3. 25,93-5,5/2,27=
4. 144 санының түбірін тап
5. 90 санының 30 %-ке артық санды тап.
1) Нәтижесінде 99 санын алу үшін, 987654321 санындағы цифрлардың арасына + белгісін қою керек?
9 8 7 6 5 4 3 2 1 = 99
9+8+7+65+4+3+2+1=99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99
2) Нәтижесінде 100 санын алу үшін, жеті санның арасына + белгісін қойыңдар.
1 2 3 4 5 6 7 = 100
Сандардың қатарын өзгертуге болмайды.
1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100
3) Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, бес бестіктен 100 санын құрастыр. Бес бестіктен 100 санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.
1 1 1 1 1 = 100 100=111-11
5 5 5 5 5 = 100 100=5*5*5-5*5
5 5 5 5 5 = 100 100=(5+5+5+5)*5
VI Сергіту сәті
Әріптерді кестедегі мәндерінің астына қойсаң, мақал шығады:
11.1 0 1.19 11.1 100
Е Ң Б Е К
80 13 80 48.3 13.6 46 0
А Д А М Н Ы Ң
11.1 100 41.58 13.6 6.3 41.58
Е К І Н Ш І
80 13.6 80 3.42 46
А Н А С Ы
A : 4 = 20; A = _____ 0.39 : Д = 0.03; Д = ____
K : 20 = 5; K = _____ M : 21 = 2.3; M = ____
H : 4 = 3.4; H = _____ 6.9 : Ы = 0.15; Ы = ____
Ш : 7 = 0.9; Ш =_____ І : 42 = 0.99; І = ____
9.99 : E = 9; E = _____ Б : 17 = 0.07; Б = ____
23.94 : C = 7; C = _____ Ң : 875 = 0; Ң = ____
VIІ Үйге тапсырма.
6.2.-тақырып. Тақырыпты оқу.
Батырмалардың атқаратын қызметтерін жаттап келу
Оқулықтағы 186 беттергі «Өзің орында» тапсырмасын орындау
VIІІ Бағалау.
Оқушылардың білімі электронды түрде бағаланады.
Бабатай орта мектебі
Тақырыбы: «Калькулятор
бағдарламасы»
Өткізген: Г.С.Құрмантаева
2012 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.