.
.
Сабақтың тақырыбы: Кесте. Кестелерді құру. Кестелерді редакциялау. Кесте. Кестелерді құру. Кестелерді редакциялау.
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1723 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды кесте жасауға ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
2) Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3) Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктері: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта.
Ұйымдастыру кезеңдері:
а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
б) оқушыларды ынталы болуға үйрету.
ІІ. Үйге тапсырма: Құжатты баспадан шығару. ( Оқу).
ІІІ. Жаңа сабақ. Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолында Таблица «Вставить» Таблица командасын орындасақ экранда вставка таблицы диалогтік терезесі шығады.
Бұл терезеге баған саны мен жол санын жазып ок батырмасын басамыз.
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалить – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячей.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
Кесте құр:
1) баған саны-3, жол саны-7.
2) баған саны-5, жол саны-2
3) баған саны-2, жол саны-10
Ұяшықтарды қосу үшін Таблица - Вставить - ячейкикомандасын таңдау қажет. Қатар және баған қосу үшінТаблица - Вставить командасын таңдау қажет.
1-топ: «Кестелер туралы мәлімет»
2-топ: «Кестелер құру»
3-топ: «Кестелерді редакциялау»
Циклді түрде постерде қорғайды.
Формативті бағалау «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»
Ү. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру ).
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.