.
.
Сабақтың тақырыбы: Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2037 | Размер: | Автор: Нартай4540ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Көп кестелі деректер қоймасын жобалаудың ерекшеліктері деп аталатын тақырыпты өткен болатынбыз? Кәне, балалар үйге берілген тапсырманы кім айтады? Деп бірнеше оқушыдан сабақ сұраймын..
Жаңа сабақ
Деректер қоймасымен жұмыс істеу кестелерге ақпараттарды енгізуден басталады. Кесте режимі қарамағыңызға қарапайым құралдарды ұсынады. Әрі қарай ондағы бар жазбаларды редакциялауыңызға болады.
6.1. Кестеге деректерді енгізу
Кестеге деректерді енгізудің ең қарапайым түрі кесте режимін пайдалану болып табылады. Бұл үшін қажетті әрекеттер бірізділігін қарастырамыз.
1. Өзіңіз құрған деректер қоймасын ашыңыз. Егер оның аты Файл менюінің төменгі жағында болмаса, Файл│Открыть командасын орындаңыз және ашылған «Деректер қоймасы файлының ашылуы» диалог терезесінде өзіңіз құрған деректер қомасын тауып, оны ашыңыз.
2. «Деректер қоймасы» диалог терезесінде Объекты батырмасын басып , тізімнен жоғарғы объектіні – Кестелер таңдаңыз (егер ол әлі таңдалмаса). «Кестелер» категориясы жандандырылғанда, өзіңіз құрған кестелердің тізімін көресіз.
3. Деректерді енгізгіңіз келген кесте атына маус меңзерін орнатыңыз. Сосын маус батырмасын екі рет басыңыз немесе деректер қоймасының Открыть батырмасын басыңыз. Кестеңіз кестелер режимінде ашылады, сөйтіп, деректерді енгізуге кірісіңіз.
4. Келесі өріске өту үшін Тab пернесін басыңыз. Берілген өріске ақпаратты енгізіңіз.
5. Келесі өріске өту үшін Тab пернесін баса отырып, жолға ақпаратты енгізуді жалғастырыңыз. Кейбір өрістердің бос қалғанына көңіл аудармаңыз. Оларды бос қалдырып, тағы Тab пернесін басыңыз.
6. Жазбаның соңғы өрісіне деректерді енгізуді аяқтаған соң, Тab пернесін тағы да басыңыз. Нәтижесінде келесі жазбаның басына көшесіз.
Үйге тапсырма
Кесте режимінде деректерді енгізу және редакциялау
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.