.
.
Сабақтың тақырыбы: Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2549 | Размер: | Автор: Нартай4540ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдық
VII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер қоймасын құру
деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Кестелер деректер қоймаңыздың негізгі болып табылады, нақ соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені құрып алуыңыз қажет.
Ассеss-те «кесте» термині нені білдіреді?
Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы : мекен-жай,аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы : әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.
Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss-те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:
1. Өзіңіз құрған деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.
2. Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.
3. «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:
● Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.
● Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік
береді.
● Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.
● Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
● Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Деректер типтері.
Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады:
● Мәтіндік ● Логикалық
● Сандық ● МЕМО өрісі
● Ақшалай ● ОLЕ объектісінің өрісі
● Санауыш ● Гиперсілтеме
● Даталар/уақыттар ● Ауыстырулар шебері
Кесте құрылымының модификациясы.
Егер бірде-бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет.Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:
● Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.
● Қалып қойған өрісті қою.
● Қате енгізілген өрісті жою
● Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.
Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап,
Конструктор батырмасын басыңыз.Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылды.
Өрістер жолының тәртібін өзгерту
Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апарғыңыз келді. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.
2. Енді өрісті таңдау аймағына тағы да басып, мауысты жібермеңіз. Мауыс меңзерінің астында, кішкентай үзік сызықпен сызылған тікбұрыш пайда болғанына көңіл аударыңыз.
Үйге тапсырма
Кесте құру. Кесте құрылымының модификациясы
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.