.
.
Сабақтың тақырыбы: Компьютер деген не? Компьютер деген не?
Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1694 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестерімен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Информатика – бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым;
ЭЕМ көмегімен ақпаратты өңдеу тәсілдері туралы ғылым.
Бұл ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды, оның дамуы электрондық есептеу техникасының пайда болуымен байланысты. Информатика пәні – ақпараттық процестер.
Ақпараттық процестер – бұл ақпаратты белгілер мен сигналдар түрінде беру, өңдеу және жинақтау процестері. Ақпараттық процестер:
- Тірі организмдердің ішінде;
- Техникалық құрылғыларда;
- Адамдар қарым-қатынасында;
- Теллекоммуникацияларда;
- Қоғам өмірінде.
Ақпарат сигнал түрінде беріледі. Ақпарат белгілер түрінде жинақталады.
Ақпаратты өңдеу – белгілер мен сигналдар түрінде, атап айтқанда: тірі организмдермен және техникалық құрылғыларда ақпарат сигналдар түрінде өңделеді.
Техникалық құрылғылар арасында – сигналдар түрінде. Компьютер пайда болмай тұрып ақпартты өңдеу, сақтау және беру жұмыстарын адам орындаған. Сондықтан компьютердің құрылғысы аздап адамның организміне ұқсайды. Адамның ең маңызды мүшелері – бас, ми. Бірақ адамға өмір сүру үшін тек бас қана жеткілікті емес, оған тағы басқа мүшелер керек, сол сияқты компьютерге де жұмыс істеу үшін көп түрлі құрылғылар керек.
Ақпаратты білдіру мен есте сақтау қажеттілігі пайда болғанда тіл, жазу, бейнелеу өнері пайда болды. Телефон, телеграф, радио және теледидар пайда болуы ақпараттын орасан зор көлемін беруге мүмкіндік берді. Техникалық құралдар мен құрылғыларды пайдаланып ақпараттық процестерді ұйымдастыру Ақпараттық технология деп аталады. Ақпараттық технологиялар түрлері өте көп: хат, пошта, телеграф, телефон, теледидар, телекоммуникациялар, электрондық пошта т.б.
Бұдан басқа, ақпараттық технологияларды төмендегілерге бөлуге болады: қағаздық, қағазсыз, архивтерді, кітапханаларды т.б. пайдаланып ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Қағаздық технологиялар – бұл қағаз тасуыштарды (хаттарды, кітаптарды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру)
Қағазсыз технологиялар – бұл ақпараттың қағаз тасуыштарын пайдаланбай (радио, теледидар, телефон, телегф, факсимильдік байланыс т.б.) ақпаратты жинауды, беруді және өңдеуді ұйымдастыру.
Жаңа информациялық технологиялар – бұл ЭЕМ-ді пайдаланып, ақпаратты жинау, өңдеу және беру технологиялары. ЭЕМ-ді пайдалану бұл өңдеудің негізгі бөліктерін автоматты құрылғыларға артуға мүмкіндік береді, олар адамның қатысуынсыз мейлінше ұзық және адамның ақпаратты өңдеу жылдамдығынан миллиондаған есе артық жылдамдықпен жұмыс істеуге қабілетті.
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1. Компьютер дегеніміз не?
2. Ақпараттық құралдар неден тұрады?
3. Программалық құралдар ұғымына не енеді?
4. Мәліметтер дегеніміз не?
5. Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
VІ Сабақты қорыту
VІІ Үйге тапсырма
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.