Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. -

Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.

Сабақ жоспары | Предметы | Информатикадан ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2807 | Размер: | Автор: Нартай4540
. № 39 «Қызылөзек орта мектебі»





Тақырыбы: Компьютердің құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.

Пән мұғалімі: Сарманова Л.С.

Қызылорда, 2010 жыл
Сабақ жоспары
«Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2010 ж

Тақырыбы: Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.
1. Білімділігі: компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.

2. Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.

3. Дамытушылығы: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайд-шоу,электронды оқулық, компьютер.
Түрі: білім мен іскерлікті игеру.

Әдіс-тәсілдері: кубизм, топтық жұмыс
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі - 2мин
б) сабақ сұрау 3мин
в) бағалау 1 мин
г) жаңа сабақ10 мин
д) бекіту 25мин
е) үйге тапсырма 2 мин
ж) қорытынды 2 мин
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Кіріспе бөлім:
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Компьютердің құрылғары.Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі». Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыпқа шолу жасайық. Өткен сабағымызда біз дербес компьютер дегеніміз не, оның қандай негізгі бөліктерден тұратынын білдік. Оның ішінде Жүйелі блоктың қандай маңызды роль атқаратынын, монитордың қызметін, пренетақта мен тышқанның атқаратын қызметін және түрлерімен таныстық.
Олай болса үй тапсырмасын кубик лақтыру арқылы жауап берсек. (Слайд көрсету) 3 минут
Енді жаңа сабаққа көшейік. Бүгінгі сабағымызыдың басын Елбасымыздың мына сөзімен бастағым келеді. «Қазіргі заманғы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз»
Сабағымыздың міндеті – Тақырыбымда көрсетілгендей Компьютердің қосымша құрылғыларымен таныстыру және меңгерту. Ең алдымен компьютердің шығу тарихын еске түсіріп көрейік. (слайд көрсету)
Олай болса біз қандай қосымша құрылғыларды білеміз.
Электрондық оқулыққа назар салайық. (7 сыныптың электрондық оқулығын ашамын).
Слайд көрсету арқылы тағы да басқа құрылғылармен таныстырамын. 10 минут

Енді басқа сабақтырымыздағыдай екі топқа бөленейік. Осы екі топ болып әрі қарай сабақты жарыс түрінде өткіземіз.Олай болса бір-бірімізбен сәлемдесейік. Екі топ өз тобын таныстырады. Орындарына отырады. 25 минут
1.Мен техник-құрастырушымын атты бөлімнен бастаймыз. Енді 1 топ компьютердің құрылғыларын жалғайды.Ал 2 топ ДК-де тапсырма берілген сол тапсырма бойынша компьютерді жинау керексіздер. Орындарын ауыстырады.Топтар бағаланады.

2. Кім жылдам сайысы. Сайыс шарты бойынша команда капитандары ортаға шығып, жасырылған бірнеше сөзді алады да қарсы команда мүшелері тез жауап беруі керек. Команда мүшелері қанша сұраққа жауап берсе сонша ұпай беріледі.

Процессор тобына Дисплей тобына
1. Пернетақта 1. Сканер
2. Принтер 2. Саусақтар
3. Жүйелі блок 3. Монитор
4. кактус 4. Тышқан
Демалыс сәті. Бүгін немес кеше естіген жаңалықтарыңызды мына парақтарға жазып, тақтаға жабыстырыңыздар. Ал екі топтан бір,бір бала шығып сарапшы болады. Балалар жазған жаңалықтарға сараптама жасайды. Жазып болғаннан соң екі сарапшы кез-келген бір телеарнаның дикторы ретінде сол жаңалықтарды оқып береді. Нәтижесінде қай топтың жаңалығы қызықты және дикторы жақсы сөйлесе сол топқа балл беріледі.

3. Компьютерлік фирма құру.
Мұнда топтар тек ДК –нің қосымша құрылғыларын сатумен айналысады. Сондықтан екі топ кез келген бір ойдан шығарылған құрылғы ойлап табады. Және оны сатады.
Қонақ мұғалімдер оны сатып алады.

Сабақты бекіту ретінде компьютердегі тапсырманы орындау керек, құрастырып шығу керек. 2 минут

Үйге тапсырма: компьютердің пайдасы және зияны тақырыбында шығарма жазу. 2 минут

Пернетақта

Принтер

Жүйелі блок

Кактус

Сканер

Саусақтар

Монитор

Тышқан
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.